9-сәуір күні Тәуелсіздік сарайында Freedom Holding Corp. ұйымдастыруымен Freedom Inside халықаралық форумы өтеді. Шара барысында бизнес визионерлері, мемлекеттік қызметшілер, инвесторлар, кәсіпкерлер мен креативті индустрия өкілдері және технологиялық новаторлар бір алаңда бас қосады.

Жиын барысында қатысушылар компанияның халықаралық даму жоспарын және Freedom экожүйесінің жаңалықтарын талқылайды. Сондай-ақ, қаржылық және технологиялық сервистерді бір арнаға тоғыстырған Freedom SuperApp қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылмақ.
Форумның негізгі спикерлерінің қатарында Freedom Holding Corp. негізін қалаушы әрі CEO-сы Тимур Турлов, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген, NVIDIA компаниясының ТМД-дағы бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық директоры Антон Джораев, сондай-ақ Astana Hub басшысы Мағжан Мәдиев бар. Екі сахнада барлығы 30-дан астам спикер сөз сөйлейді.
Іскерлік бағдарламадан бөлек, қонақтар үшін интерактивті аймақтар, технологиялық демонстрациялар мен нетворкинг мүмкіндіктері қарастырылған. Форумның мәдени бөлігінің хэдлайнері – Moldanazar тобы. Коллектив кешкі бағдарлама аясында өнер көрсетіп, шараның соңын әуезді кешке ұластырады.
Шара бағдарламасы мен билеттерге қатысты толық мәліметті freedominside.kz сайтынан білуге болады.
