Power & Purpose|Impact

Актер Олжас Тоғымбет Жолбарыс таулары мен Шарын шатқалында: Rimowa-ның Қазақстандағы алғашқы түсірілімі

Автор Tatler Kazakhstan
14.11.2025
Шарын шатқалы | Getty Images
IMAGE Шарын шатқалы | Getty Images

Неміс брендінің айтуынша, бейнеролик Қазақстан табиғатының сұлулығынан шабыт алып, өмір бойы ұмытылмайтын естеліктер жасауға шақырады

Өзінің люкс чемодандарымен және оларға деген өмірлік кепілдігімен танымал немістің Rimowa бренді Қазақстанда тұңғыш рет өз жарнамалық науқанын түсірді.

Rimowa бейнеролигінен көрініс
IMAGE Rimowa бейнеролигінен көрініс

Брендтің әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеролигі Қазақстан табиғатының сұлулығы мен оның айқын бояуларынан шабыт алған. «Terracotta and Clay» деп аталатын бұл ролик компанияның екі жаңа терракота және ақ саз түсті чемодандарын сатылымға шығаруына орайластырылған.

Rimowa бейнеролигінен көрініс
IMAGE Rimowa бейнеролигінен көрініс

Видеоның басты кейіпкері – актер әрі модель Олжас Тоғымбет. Сюжет бойынша, ол Triumph Bonneville мотоцикліне мініп, Жолбарыс таулары мен Шарын шатқалына саяхатқа аттанады.