Power & Purpose|Front & Female

Қазақстандық әнші BikaBreezy Қытайда «Жыл әні» жүлдесін жеңіп алды

АвторыTatler Kazakhstan
29.09.2026
BikaBreezy мен JayTrue | Instagram
IMAGE BikaBreezy мен JayTrue | Instagram
Қазақстандық орындаушы мен қытайлық JayTrue рэперінің бірлескен трегі жылдың ең үздік туындысы деп танылды

BikaBreezy лақап атымен танымал қазақстандық әнші Биназир Ермағанбетова Қытайда беделді музыкалық марапат алды. Оның қытайлық JayTrue рэперімен бірлесіп орындаған Bashi трегі Pop Songs Chart 2026 байқауында «Жыл әні» номинациясы бойынша топ жарды.

Instagram BikaBreezy
IMAGE Instagram BikaBreezy
Instagram BikaBreezy
IMAGE Instagram BikaBreezy

BikaBreezy қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісіп, марапаттау рәсімінен видео жариялады. Әнші өз тыңдармандарына, сондай-ақ Bashi әнінің клубтарда шырқалып, би челленджі арқылы желіде кең таралуына үлес қосқан диджейлер мен бишілерге ерекше алғысын білдіреді.

«Менің музыкамды және мені әртіс ретінде мойындағаны үшін Қытай еліне алғыс айтамын. Қолдауларыңызға мың рахмет!»

Бұл марапат орындаушының Қытай музыка индустриясындағы тағы бір жарқын қадамы болды.