Lifestyle|Wellbeing

«Тирзетта»: Қазақстанда артық салмақтан арылуға көмектесетін танымал препарат пайда болды

АвторыАнара Кукиева
30.10.2026
Баспасөз қызметі мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметі мұрағатынан
Қазақстанда тирзепатид негізіндегі алғашқы препарат ресми тіркеуден өтті. Бұл дәрінің қалай жұмыс істейтінін, семаглутидтен қандай айырмашылығы бар екенін және клиникалық зерттеулер оның тиімділігін қалай дәлелдегенін бірге талдап көрейік

Қазақстанда артық салмақтан арылуға көмектесетін жаңа дәрі — тирзепатид негізіндегі «Тирзетта» ресми түрде тіркеуден өтті. 2026 жылдың қыркүйегінде «Промомед» фармацевтикалық компаниясының бұл дәрісі Денсаулық сақтау министрлігінен тіркеу куәлігін алып, елімізде тирзепатид негізінде мақұлданған алғашқы препарат атанды. Ал қазан айында дәрінің нарыққа шығуы семіздік пен 2-типті қант диабетін емдеудің заманауи әдістерін талқылаған медициналық форумның басты тақырыбына айналды.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Бұл — қазақстандық нарық үшін өте маңызды жаңалық. Әлемде кеңінен танымал болғанына қарамастан, тирзепатид осы уақытқа дейін Қазақстанда ресми дәрі ретінде сатылмаған еді. «Тирзетта» дәл осындай дәрілерге сұраныс күрт артқан тұста нарыққа шығып отыр. Соңғы бірнеше жылда семаглутид пен тирзепатид тек медицина қауымдастығының аясында қалып қоймай, қарапайым халық арасында да қызу талқыланатын тақырыпқа айналды. Олар туралы әлемдік басылымдар жарыса жазып, жұлдыздар талқылап жатса, клиникалық зерттеулердің нәтижелері үнемі халықаралық жаңалықтардың төрінен көрініп жүр.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Бұл Қазақстан үшін неге маңызды?

Ауқымын статистика анық көрсетеді. STEPS 2024 ұлттық зерттеуі бойынша, еліміздегі ересектердің 58,6%-ының артық салмағы бар, ал 22,4%-ына семіздік диагнозы қойылған. Яғни, ересектердің жартысынан көбі артық салмақпен жүр, ал әр төртінші адам семіздікпен күресіп келеді.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Қант диабетіне қатысты ахуал да күрделі. 2024 жылдың желтоқсанындағы ресми дерек бойынша, елде 522 мыңнан аса адамда осы дерт тіркелген, оның 492 мыңға жуығы — 2-типті диабетпен ауырады.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Семіздік пен метаболизмнің бұзылуы бір-бірімен тығыз байланысты. Ағзада майдың шамадан тыс жиналуы инсулинге төзімділіктің, 2-типті қант диабетінің, жүрек-қан тамырлары ауруларының және басқа да асқынулардың қаупін арттырады. Сондықтан заманауи медицина салмақты бірқалыпты ұстауды — сыртқы сұлулық қана емес, ауыр дерттің алдын алу және ұзақ мерзімді денсаулық кепілі деп санайды.

Тирзепатид қалай жұмыс істейді және оның артықшылығы неде?

Тамақтанған соң ағза тәбетті, глюкоза деңгейін және зат алмасуды реттейтін инкретиндер деп аталатын гормондарды бөледі. Осы бағыттағы көптеген танымал препараттар, соның ішінде семаглутид те тек бір ғана гормонның (GLP-1) рецепторларына әсер етсе, тирзепатид бірден екі гормонның: GLP-1 және GIP (глюкозаға тәуелді инсулинотропты полипептид) рецепторларын іске қоса алады. Осы қос механизмнің арқасында дәрі тәбетті реттеп, тоқтық сезімін күшейтеді. Қандағы қантты бірқалыпты ұстап, артық салмақтан арылуға көмектеседі.

Тирзетта ресми сайтынан
IMAGE Тирзетта ресми сайтынан

Тирзепатидтің тиімділігі ауқымды клиникалық зерттеулермен дәлелденді. Мәселен, SURMOUNT-1 зерттеуінде қант диабеті жоқ қатысушылар дәріні барынша жоғары мөлшерде қабылдау арқылы 72 апта ішінде салмағын орта есеппен 22,5%-ға тастаған.

Тирзетта ресми сайтынан
IMAGE Тирзетта ресми сайтынан

Ал 2025 жылы The New England Journal of Medicine журналында жарияланған SURMOUNT-5 зерттеуінің нәтижелері тіпті таңғалдырмай қоймады. Семаглутидпен тікелей салыстырғанда, тирзепатид салмақты әлдеқайда жақсы түсіретінін көрсетті: 72 апталық терапияда семаглутид орташа 13,7% нәтиже көрсетсе, тирзепатид 20,2%-ға жеткен.

Тирзетта ресми сайтынан
IMAGE Тирзетта ресми сайтынан

Әрине, бұл сандар белгілі бір пациенттер тобына жүргізілген зерттеу нәтижесі, сондықтан әр адам дәл осындай әсер алады деуге келмейді. Дегенмен дәл осы көрсеткіштер тирзепатидті семіздікті емдеудегі заманауи терапияның ең үлкен жетістіктерінің біріне айналдырды.

Тирзетта ресми сайтынан
IMAGE Тирзетта ресми сайтынан

Салмақ тастау — ғалымдарды қызықтырып отырған жалғыз көрсеткіш емес. Зерттеушілер қазір тирзепатидтің глюкоза деңгейіне, қан қысымына, липид алмасуына және басқа да кардиометаболикалық параметрлерге қалай әсер ететінін зерттеп жатыр.

«Тирзеттаның» тіркелуі дәрігерлер мен пациенттерге жаңа жол ашады деп күтілуде. Әсіресе ересектердің жартысынан көбі артық салмақпен жүрген Қазақстан үшін бұл өте маңызды қадам. Дегенмен тирзепатид қанша жерден танымал болса да, оны тез арықтауға арналған әмбебап құрал деп қабылдауға болмайды. Бұл — тек дәрігердің рецептімен берілетін және нақты медициналық көрсеткіштер бойынша ғана қолданылатын дәрі. Науқас міндетті түрде дәрігердің бақылауында болуы шарт, ал дәрінің мөлшерін біртіндеп көбейткен жөн. Сонымен қатар, дәріні қабылдадым екен деп дұрыс тамақтану мен спортты ұмытып кетуге болмайтынын ескерткен абзал.

Тирзетта ресми сайтынан
IMAGE Тирзетта ресми сайтынан