Lifestyle|Wellbeing

Дірілдек махаббат: секс гаджеттерін шығаратын жаңа Sensual Sport

Автор Алина Ким
20.06.2025
Sensual Sport
IMAGE Sensual Sport

Sensual Sport – стиль мен күтімге толы ләззат

Қазір бьюти ритуалдары жанкүйерлері секс гаджеттерін өзіне-өзі кешенді түрде күтім жасау үрдісі аясында қарастыратын болды. Бұл да рас: өз тәніңді аңдау әрі ләззат ала білу – менталды және физикалық денсаулық үшін маңызды дүниелер. Жаңа Sensual Sport бренді осы ақиқатқа негізделеді.

«Нарықта шын мәнінде эстетикаға толы әрі стильді, яғни мен сияқты жандарға шабыт беретін секске қатысты премиум бренд жоқ болып көрінді. Индустрияға сән-салтанат, талғам және «wow!» эффектісін әкелгім келді», – дейді брендтің негізін қалаушы Эмили Оберг. Ол уелнес, минимализм және «үнсіз сән-салтанат» эстетикасын сән әлеміне кіргізген Sporty & Rich брендін 2015 жылы ашқан болатын.

Sensual Sport – оның ләззат алуды өзіне-өзі күтім жасау үрдісінің бөлшегі деп қарастыратын жаңа жобасы. Алғашқы коллекцияға кірген өнімдер: шағын су өткізбейтін вибратор, pH деңгейі дұрыс интим гелі және құрамында қант пен парабен жоқ, жеміс дәмі шығатын ауыз қуысын ылғалдандыратын спрейлер.

The Essential Vibrator | sensualsport.com
IMAGE The Essential Vibrator | sensualsport.com
Pleasure Gel | sensualsport.com
IMAGE Pleasure Gel | sensualsport.com
Wet Mouth Spray – Watermelon | sensualsport.com
IMAGE Wet Mouth Spray – Watermelon | sensualsport.com
Wet Mouth Spray – Pineapple | sensualsport.com
IMAGE Wet Mouth Spray – Pineapple | sensualsport.com

Брендтің сайтында Sex Ed беті бар – секс туралы білім беруге арналған бөлім. Ондағы жаңалықтарға жазылып, секс, денсаулық және ләззат алу туралы пайдалы ақпарат алып тұруға болады.