Lifestyle|Wellbeing

Алматыдағы Ғашықтар күні: мерекені қалай өткізсе болады?

АвторыВиктория Лебедева
14.02.2026
Ernst Haas | Getty Images
IMAGE Ernst Haas | Getty Images
14 ақпанға арналған дайын демалыс сценарийлерін ұсынамыз. Tatler тек жұптарға ғана емес, жалғыз жүрген оқырмандары үшін уақытты сапалы өткізуге болатын ең үздік идеяларды жинақтап алды

Ғашықтар күнінде кешкі асты қайда ішуге болады

Chef

Гурмандардың жоғары бағасына ие болған бұл мейрамхана – авторлық асханасы мен ерекше маусымдық мәзірімен танымал. Мұндағы тағамдардың дәмі мен берілу мәнері сіздің мерекелік кешіңіздің сәніне айналады.

La Barca Fish & Wine

Теңіз өнімдері мен балғын балықтың нағыз жанкүйерлеріне арналған мекен. Мұндағы бай шарап картасы романтикалық кеш үшін таптырмас нәрсе болмақ.

Sandyq

Ұлттық колоритті сезінгісі келетіндер үшін таптырмас орын. Мұнда дәстүрлі қазақ асханасы заманауи нақышта ұсынылады.

Үздік коктейль барлары

Gruppo 63

Қаланың ең көрікті әрі эстетикалық тұрғыдан мінсіз мекендерінің бірі. Мұндағы өзіндік стиль, көмескі жарық пен жайлы оқшаулық кештің сәнін келтіріп, ерекше көңіл-күй сыйлайды. Коктейль мәзірі де көңіл қуантады: мұнда классикалық сусындармен қатар, авторлық микстердің таңдаулы түрлері бар. Оған қоса, әсем безендірілген дәмді тіскебасарлардың шағын мәзірі кешіңізді толықтыра түседі.

French 42

Мұндағы әр залдың өзіндік тыныс-тіршілігі бар. Музыкалық әуен мен кино әлемін еске түсіретін жарықтандыру жүйесі келушілерді ерекше әсерге бөлейді. Бар мәзіріндегі коктейльдердің 90 пайызы джин негізінде дайындалады. Сол себепті де мұнда Қазақстан бойынша ең бай коллекция жинақталған – әлемнің бес құрлығынан жеткізілген бірегей сусындардың дәмін тата аласыз.

«Домашний»

«Домашний» – бұл «өз үйіңіздегідей сезініңіз» деген ұстанымның шынайы көрінісі. Бар мен жеке кеңістікті шебер ұштастырған бұл жерде адам жаны демалады. Мұнда үйреншікті бар сөресі жоқ, тіпті бармендер де ас үйде үй тәптішкесімен еркін жүреді. Диджейлердің орнына теледидары бар жайлы диван қарастырылған, ал кештің музыкалық әуенін YouTube алгоритмі реттейді.

Кино айдары

«Грозовой перевал»

Ғашықтар күніне арналған басты премьералардың бірі. Марго Робби мен Джейкоб Элорди басты рөлдерде өнер көрсетеді. Режиссер Эмиральд Феннел классикалық туындыны жаңа қырынан ашып, оған батыл әрі сезімтал кадрлар қосқан. Маңызды ескерту: егер сіз романды сүйіп оқысаңыз немесе оқиғаны жатқа білсеңіз, бұл нұсқа сіздің сезіміңізге тиюі мүмкін. Дегенмен, визуалды тұрғыдан бұл – нағыз эстетикалық ләззат. Tatler командасы фильмді алдын ала тамашалап үлгерді, толық рецензияны мына сілтемеден оқи аласыздар.

«Холостяк в Италии»

Мэтттің өмірі неке қию рәсімі алдында күрт өзгереді. Сүйіктісі тастап кеткен соң, оның бал айы Римге жасалған жалғыздық саяхатына айналады. Бірақ мұңға батудың орнына ол жаңа таныстықтар мен күтпеген достыққа жол ашады. Жаралы жүректі емдей білетін Италия – кейде жоспардың күл-талқан болуы жаңа бақыттың басы екенін дәлелдейді.

«GOAT: Мечтай по-крупному»

Sony Pictures Animation ұсынған бүкіл отбасымен көруге арналған туынды. Кішкентай лақ Уилл алыптар мен жыртқыштар билік ететін үлкен спорт аренасына шығуды армандайды. Бұл – нағыз күш дене өлшемінде емес, адамның мінезі мен өзіне деген сенімінде екенін ұқтыратын ғибратты хикая.

Көңіл көтеру

MOLDANAZAR тобының жеке концерті

  • Қашан: 14 ақпан
  • Қайда: MOTOR клубы
  • Құны: 15 000 теңгеден бастап

Қазақстанның ең бірегей тобы Moldanazar сахнада жанды дауыста өнер көрсетеді. Көрермендерді харизматикалық орындау мен сүйікті әндерден бөлек, тек осы топқа тән ерекше энергия күтеді. 14 ақпанды еркін әрі бейресми жағдайда өткізгісі келетіндер үшін ең үздік таңдау.

Tynda Music – «Махаббат туралы аңызға айналған саундтректер»

  • Қашан: 14 ақпан
  • Қайда: Республика сарайы
  • Құны: 8 000 теңгеден бастап

Ғашықтар күнінде Tynda Music оркестрі кино әлемінің ең әсерлі әуендеріне саяхат жасауға шақырады. Мұнда «Титаниктің» мұңлы сарыны, «Ла-Ла Лендтің» ойнақы джаз ырғағы мен «Сумерки» фильмінің тылсым әуендері шырқалады.

Rave Symphony: Love Edition

  • Қашан: 14 ақпан
  • Қайда: Бакшасарай
  • Құны: 10 000 теңгеден бастап
  • Симфониялық оркестр мен диджей-сеттердің таңғажайып үндестігі. Би, жарқын визуалды шоу және классика мен электронды музыканы ұштастырған ерекше форматтағы кеш.

Симфониялық оркестр мен диджей-сеттердің таңғажайып үндестігі. Би, жарқын визуалды шоу және классика мен электронды музыканы ұштастырған ерекше форматтағы кеш.