Ұлттық кітап күніне орай «Яндекс Книги» сервисі «Меломан» дүкендер желісімен бірлесіп жаңа оқу кеңістігін таныстырды. Лаунж-аймақтың ашылуы ерекше форматта өтіп, алматылықтарға поэтикалық перформанс тарту етілді
Бремен музыканттары» ертегісінің кейіпкерлері дәл кітап дүкенінің ішінде тіріліп келгендей әсер қалдырды. Көпшіліктің көз алдында дүкен іші бір сәтте нағыз театр сахнасына айналып шыға келді.

IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Танымал шығарма кейіпкерлері жасанды интеллект негізіндегі «Алиса» дауыстық көмекшісі мен Наталья Сац атындағы театр актерлерінің дауысымен сөйледі.

IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Енді қала тұрғындары осы креативті кеңістікке келіп, үстелдерде орналасқан арнайы QR-кодтың көмегімен әдебиеттерді дәстүрлі немесе онлайн форматта еркін оқи алады. Айта кетейік, бұл игі бастама Қазақстандағы Ұлттық кітап күніне орайластырылып отыр.

IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
