Lifestyle|Wellbeing

Алаңсыз той: The Ritz-Carlton Astana ерекше ұсыныс жариялады

АвторыTatler Kazakhstan
03.04.2026
Баспасөз қызметі мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметі мұрағатынан
Үйлену тойы алдындағы қобалжу ең ұйымшыл жұптардың өзіне таныс. Жүздеген қонаққа мереке сыйлау, флористика мен қонақтардың отырысына дейін ең ұсақ детальдарды ойластыру оңай шаруа емес. Осы орайда The Ritz-Carlton Astana жас жұбайлардың жұмысын жеңілдетуді жөн көрді

2026-жылдың 30-сәуіріне дейін The Ritz-Carlton Astana-да 100 адамнан асатын салтанатты кештер үшін арнайы шарттар қарастырылған. Брондау кезінде Grand Ballroom залын жалдау құнына 70% жеңілдік беріледі. Сонымен қатар, жас жұбайларға мереке шуынан демалатын VIP-аймақ пен өнерпаздар мен ұйымдастырушылар тобына арналған екі бөлек бөлме ұсынылады. Ұсынысқа мәзірді алдын ала дәм татып көру мүмкіндігі де кіреді.

Баспасөз қызметі мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметі мұрағатынан
Баспасөз қызметі мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметі мұрағатынан
Баспасөз қызметі мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметі мұрағатынан
Баспасөз қызметі мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметі мұрағатынан

Той фотосессиясын қонақүйдің ішінде, соның ішінде шыны күмбезді Rooftop кеңістігінде өткізуге болады: ол жерде жарық мол және қаланың панорамалық көрінісі ашылады. Қонақтар үшін автотұрақ қарастырылған, ал қонақүйде қонуды қалайтындар үшін арнайы тарифтер бар. Бұл ұсынысты таңдаған жұпқа Marriott Bonvoy лояльділік бағдарламасы бойынша ұпайлар есептеледі.

Баспасөз қызметі мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметі мұрағатынан

Той күні жас жұбайлар люкс нөмірінде тегін түнеп, екі адамдық таңғы асқа мүмкіндік алады. Сондай-ақ, қалыңдыққа Jimmy Choo-дың үйлену топтамасынан аяқ киім алуға 500 000 теңгелік сыйлық сертификаты табысталады. Ал тойдың бір жылдығына орай тағы бір сыйлық – Junior Suite нөмірінде бір түн қону мүмкіндігі сыйға тартылады.

Фотосуретші: Сыздықов Ғани
IMAGE Фотосуретші: Сыздықов Ғани
Фотосуретші: Сыздықов Ғани
IMAGE Фотосуретші: Сыздықов Ғани
Фотосуретші: Сыздықов Ғани
IMAGE Фотосуретші: Сыздықов Ғани
Фотосуретші: Сыздықов Ғани
IMAGE Фотосуретші: Сыздықов Ғани