Бұл ұсыныс қаланың іскерлік әрі мәдени орталығынан бір-ақ адым жерде орналасқан қонақүй жайлылығын, ерекше гастрономиялық дәмдер мен спа-ритуалдарды бір арнаға тоғыстырады.
Арнайы ұсыныс демалыс күндері қонақүйде кемінде екі түнге тоқтаған қонақтарға арналған. Осы шартты орындаған жандарға Deluxe санатындағы бөлмелер 20% жеңілдікпен беріледі. Оған қоса, қонақүй атынан арнайы сыйлық жасалып, Mökki мейрамханасында дәмді таңғы ас ұсынылады.
Демалыста ешқайда асықпай, рахаттанып демалуды қалайтын қонақтар үшін де барлық жағдай жасалған. Олар фитнес-орталық, бассейн мен джакузиді шектеусіз пайдалана алады. Сондай-ақ, мүмкіндік болған жағдайда бөлмені күндізгі сағат 15:00-ге дейін босатпауға (late check-out) рұқсат етіледі.

Бұл жазғы ұсыныста спа-процедураларға да ерекше назар аударылған. Мәселен, қонақтар Valmont және ESPA брендтерінің өнімдері мен қызметтеріне 20% жеңілдік алады.
Дәл осындай 20% жеңілдік Mökki мейрамханасы мен Өzen Lobby Lounge-дағы à la carte мәзіріне де жүреді. Бұл мүмкіндік демалысыңызды күні бойы дәмді тағамдармен толықтыруға таптырмас орай. Жазғы ұсыныс маусым соңына дейін жарамды, ал орынды алдын ала брондау үшін +7 7172 734 000 нөміріне хабарласу қажет.

