Жаңа деңгейдегі staycation мәдениеті енді әлем бойынша қолжетімді!
Кімнің жаны демалыста тыныштықты аңсамайды? Пандемиядан кейін саяхатшылар көбіне уақытын табиғат аясында, таза ауада өткізгенді ұнатып жүр, яғни Staycation демалыс түрі біздің де сөздік қорымызға енген. Сол трендті қалт жібермейтін Marriott қонақ үй империясы нағыз табысты қадам жасады. Табиғат аясындағы демалысқа құмар жандардың көңілінен шығатын Postcard Cabins бренді енді Marriott портфолиосында!
Postcard Cabins бренді (бұрынғы атауы Getaway) табиғат аясындағы ерекше демалыс орындарын ашқан пионерлердің бірі болып саналады. 2015 жылы құрылған бұл мекеме адамдарға табиғатта уақыт өткізіп, күнделікті күйбең тіршіліктен ажырап, тыныштықта өзімен-өзі қалуға мүмкіндік беруді мақсат етті.
Компанияның бұл тәсілі үлкен қозғалысқа айналды: қонақтар Postcard Cabins-дің 29 аймақтағы 1 200-ден астам үйі бар. Брендтің жетістігін Marriott International сатып алғаны расталды, бұл Postcard Cabins-ге табиғатпен үндес демалысты кең ауқымда ұсынуға мүмкіндік береді.
Staycation деген не?
Staycation термині — ағылшын тіліндегі «stay» (қалу) және «vacation» (демалыс) сөздерінің қосындысы. Бұл тренд пандемия кезінде, шекаралар жабылғанда және ұзақ сапарлар шектелгенде танымал бола бастады.
Staycation үйден алысқа ұзамай, өз аймағыңызда немесе жақын жерде демалу дегенді білдіреді. Бұл демалыс түрі үйреншікті саяхатқа ұқсамайды, өйткені сіз ұшаққа билет сатып алмайсыз немесе алыс шетелдерге шықпайсыз. Мысалы, бұл табиғат аясында кэмпинг жасау, өз қалаңыздағы жаңа мәдени орындарды аралап, жақын маңдағы жайлы қонақ үйлердегі демалыс болуы мүмкін.
Marriott-тың бұл шешімі — табиғат аясындағы демалысқа деген сұраныстың артқанының айқын көрінісі. Қазіргі кезде туристер тек қана жайлы төсек пен люкс қызметтерді емес, ерекше эмоциялар мен шабыттандыратын демалыс тәжірибелерін іздейді. Осылайша, Staycation мәдениетін әлемдік деңгейге көтеруге үлес қосып жатыр.
Marriot табиғат аясындағы демалысқа қандай жаңартуларды еңгізеді деп ойлайсыз?
