Мәскеудің өзге көне қалалардан басты айырмашылығы – оның жүрегінің тыныштығында. Мегаполистің асығыс ырғағы Садовое кольцо шеңберінен асқанда баяулай бастайды. Тек санаулы ірі көшелер ғана адам қанындай тулап, метро бекеттері дүрсілдеп жатады. Туристер Қызыл алаңға жан бітіріп, сәнқой қауым Патриаршие тоғандарын иеленсе де, Мәскеу орталығының басым бөлігі тыныштыққа бөленіп, оңаша қалады. Мұнда көне иеліктердің шағын аулалары көз тартады, шілдеде жөке ағаштары маужырап тұрады, ал қыс түскенде саябақтарды, тоғандар мен шіркеу маңын аппақ қар жабады. Мамыр айында бұл маңда бұлбұлдар сайрап, алма ағаштарының гүлі ұшады. Мәскеуді неге «үлкен ауыл» деп атағанын осындайда ғана түсінесіз. Бұл атау көне шаһардың Санкт–Петербургпен салыстырғандағы артта қалғандығын емес, керісінше, орталықтағы шағын үйлер мен бақшалардың, бос жағалаудағы жасыл желек пен ежелгі өмір салтының сақталуын білдіреді.
Мәскеудегі үздік қонақүйлердің бірі – Stella di Mosca қонақтары бұл атмосфераны ерекше сезіне алады. Сәнді қонақүй Кисловский тұйық көшелерінде бой көтерген. Ол жерден Кремльге дейін небәрі бірнеше минутта жаяу баруға болады. Бір жағында Большая Никитскаяның сәнді дүкендері мен мейрамханалары орналасса, екінші жағында ешқашан ұйықтамайтын Арбат көшесі жатыр. Айналасында университет ғимараттары, ірі театрлар мен көрме залдары шоғырланған. Алайда қонақүй маңында абыр-сабыр да, асығыс тіршілік те байқалмайды. Тек Чайковский атындағы консерваториядан анда-санда естілетін скрипканың әлсіз үні ғана осы бір тыныштықты толықтырып тұрғандай болады.

Stella di Mosca-ны ежелгі мәскеулік дәстүр бойынша италиялық сәулетшілер салған. Мәселен, Кремльдегі Успен соборының сәулетшісі Аристотель Фиораванти Болонья қаласынан болса, бұл қонақүйді жобалаған Antonio Citterio Patricia Viel бюросы Миланда орналасқан. Сәулетшілер көне ғимараттың қасбетін сақтап қалып, оған жаңа, ғажайып өмір сыйлау үшін үлкен шеберлік танытқан. Қонақүйдің ішкі көрінісі италиялық талғампаздық пен ескі Мәскеудің жайлы атмосферасын керемет үйлестіреді. Бұл жердің ерекшелігін сурет арқылы сезіну қиын. Оны өз көзіңізбен көріп, үлкен қаланың алыстан естілетін гуіліне қарамастан, айналаны ұйып тұрған тыныштық қалай баурап алатынын өз құлағыңызбен естуіңіз керек. Бұл тыныштық адамға ерекше қауіпсіздік сезімін ұялатады; бейне бір боран кезінде жылы үйдің төрінде, от жанында отырып, терезенің қырауынан тысқарыдағы ақ түтекті тамашалап тұрғандай күй кешесіз.
Мереке күндері Мәскеуге, осыдан екі ғасыр бұрын қалыптасқан үрдіспен, елдің түкпір-түкпірінен түрлі дәмді тағамдар әкелінеді. Сондықтан дәл желтоқсан мен қаңтарда мейрамханалар ерекше мәзірге толады: мұнда бұғы еті мен ұлар, арша тұздығындағы құр құсының еті, Солтүстік Двинаның навага балығы мен Мстераның қызыл жидек морсы ұсынылады.

Тіпті италиялық асханаға маманданған IL Ristorante сияқты жоғары деңгейлі мейрамханалар да Жаңа жылда жергілікті өнімдерді қолдануға тырысады. Мұнда ұлы балеринаның құрметіне дайындалатын «Павлова» десертінен міндетті түрде дәм татып, өнер иесіне құрмет көрсету керек. Мәселен, Stella di Mosca-ға таяу орналасқан Үлкен театрдан немесе Мемлекеттік Кремль сарайынан «Шелкунчик» балетін тамашалап қайтқан соң, осы дәммен кешті түйіндеуге болады. Жалпы, бұл маңда барлық маңызды нысандар жақын орналасқан. Өйткені Мәскеудегі ең жақсы дүниенің бәрі оның осы бір тыныш жүрегінде орын алады.
