Қазақстандық видеограф әрі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим жақында ғана ірі халықаралық форумға қатысқаны туралы баяндады.
Ол Threads әлеуметтік желісі ұйымдастырған шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған. Форум аясында блогер голливуд актрисасы Зендеямен және желіде Mega American лақап атымен танымал белгілі тревел-инфлюенсер Джошуа Платильеромен кездесті. Айта кетейік, Джошуаның Instagram желісіндегі оқырмандар саны 7,5 миллионнан асады.
Дастан жақын арада өз мансабына қатысты жаңалықтармен бөлісуге уәде берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында: «Егер бәрі ойдағыдай болса, әлемдік деңгейдегі ұсыныстарға қол жеткіземін. Жақында жақсы жаңалықтар болады», – деп жазды.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың ақпан айында Дастан халықаралық WIBA Awards 2026 сыйлығының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік тревел-блогер атанған болатын. Бұл марапатты жыл сайын планетаның ең жарық инфлюенсерлерін анықтайтын беделді World Influencer and Blogger Association (WIBA) ұйымы табыстады. Салтанатты марапаттау рәсімі 22 мамырда Францияның Канн қаласында өтеді, сол жерде Дастан бұл лайықты жүлдені өз қолымен алмақ.
