Lifestyle|Travel

Өз ZEM-іңді табу: Еуропада жұрт ең көп талқылайтын wellness-клиникада уақыт қалай кері бұрылады

АвторыTatler Kazakhstan
29.06.2026
Gutter credit
IMAGE Gutter credit
Көз алдыңызға мынадай жерді елестетіп көріңізші: мұнда бар-жоғы бір күн ішінде ұйқыңыз тынышталып, тынысыңыз кеңейеді, ұзақ уақыттан бері алғаш рет өз денеңізді шынайы сезіне бастайсыз. Бұл ғажайып мекеннің аты – ZEM Wellness Clinic Altea

Клиника теңіз бен Сьерра-де-Берния тауларының ортасында орналасқан. Айналасы – қарағайлар, жайқалған бақтар және көз қарықтыратын аппақ террасалар. Сондықтан ZEM Wellness Clinic Altea үйреншікті ауруханадан гөрі, тамаша өмірге арналған жерортатеңіздік шипажайға көбірек ұқсайды.

Мұнда ағзаның бірінші емшараға жетпей-ақ қалыпқа келе бастауы – қалыпты жағдай. Бәлкім, бұған ерекше микроклимат пен тап-таза ауа себеп шығар. Ауа теңіз тұзы мен шөптердің хош иісіне қаныққан. Әлде мәселе ZEM-нің ішкі ырғағында болар. Мұнда бәрі адам созылмалы шаршаудан біржола арылуы үшін жасалған.

ZEM – Еуропада жұрт ең көп талқылайтын wellness-клиника десек, қателеспейміз. Ол былтыр ғана ашылғанымен қазірдің өзінде танымал wellness-орталықтармен бәсекеге түсіп үлгерді. Мұнда өмір жасын ұзартуға бағытталған озық медициналық әдістемелер Жерорта теңізінің жайдарлы атмосферасымен тамаша үйлесім тапқан. Ал қызмет көрсету деңгейі әлемнің ең үздік қонақүйлерінен еш кем емес. Бұл ретте ZEM-нің «5 Stars Grand Luxury» мәртебесін алған алғашқы және әзірге жалғыз қонақүй болуы да кездейсоқтық емес. Ашық бассейндер, жеке тікұшақ алаңы, жайлы кештерге арналған кинозал бар – бір сөзбен айтқанда, мұнда өзіңізді үйдегідей, тіпті одан да жайлы сезінуге барлық жағдай жасалған.

Finca Althaya жеке фермасында ZEM клиникасы үшін көкөністер мен жемістер жыл бойы өсіріледі | Gutter credit
IMAGE Finca Althaya жеке фермасында ZEM клиникасы үшін көкөністер мен жемістер жыл бойы өсіріледі | Gutter credit

Дегенмен ZEM-нің басты миссиясы – ұзақ ғұмыр жасау идеясын дәріптеу. Бұл радикалды биохакинг емес, өзіңе деген мұқият әрі әдемі қамқорлық. Дәл осы себепті мұнда заманауи технологиялар мен slow living философиясы бір-бірімен біте қайнасқан. Клиниканың медициналық ұжымы түрлі бағыттағы мамандардың басын қосқан. Олардың қатарында нутрициологтар, кардиологтар мен эндокринологтар бар.

Диагностика стандартты чекаптардың аясынан әлдеқайда кең. Мысалы, мамандар қартаю биомаркерлерін талдайды, теломерлерды зерттейді, генетикалық тесттер жүргізуді қолға алған. Жүйке жүйесі мен ішектің жағдайын толық бағалаудан өткізеді. Осының бәрі Health Blueprint жоспарын құруға негіз болады. Health Blueprint дегеніміз ағзаны қалпына келтіру, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділіктің жеке жоспары.

Жерорта теңізіне қарайтын Junior Suite | Gutter credit
IMAGE Жерорта теңізіне қарайтын Junior Suite | Gutter credit

Клиникада бірден жеті Metawell® жүйесі ұсынылған. Бұл жүйелер anti-age индустриясының алтын стандарты ретінде мойындалған. Басқа wellness-ритуалдардың қатарында -110℃ температурадағы криотерапия және тіндерді оттегімен қанықтыратын OxyPro гипербарикалық камерасы бар. Сондай-ақ бинауралды ырғақтары бар ерекше RLX Satori креслосы орнатылған. Осы креслодағы демалудан кейін айналадағы әлем шынымен де сәл баяу әрі жұмсақ сезіледі. Әрине, уақытпен тексерілген дәстүрлі ритуалдар да назардан тыс қалмаған. Емшаралар арасында аздаған бос уақыт пайда болғанда қар кабинасы, тұзды бөлме және хаммам ерекше ләззатқа бөлейді.

Gutter credit
IMAGE Gutter credit

ZEM философиясының негізінде жеті бағдарлама жатыр. Олардың қатарында жұмсақ жаңартатын ZEM Essential бағдарламасы, детокс-шаралар, anti-age және longevity-бағдарламалары бар. Мұнда адамдар қысқа мерзімді қалпына келу үшін де, екі-үш аптаға созылатын wellness-режимге тереңірек ену үшін де жиі ат басын бұрады. Бірақ ZEM-нің басқа wellness-орталықтардан бір үлкен айырмашылығы бар. Әдетте мұндай жерлерде адамдар қатаң диета ұстап, барлық дәмді тағамнан бас тартуға мәжбүр болады. Ал ZEM-де мұндай шектеулердің мүлдем жоқтығы қуантады.

Relounge Zero емшарасы, Metawell | Gutter credit
IMAGE Relounge Zero емшарасы, Metawell | Gutter credit

Қонақтарға мұндай еркіндік сыйлаған – шеф-аспаз Хавьер Эстерри басқаратын Salvia мейрамханасы. Оның асханасы дұрыс тамақтану қағидаларының қалайша жоғары гастрономияға айналатынының айқын дәлелі. Мұнда тамақ қантсыз, тұзсыз және өңделген өнімдерсіз әзірленуімен ерекшеленеді. Бұл – өте сирек кездесетін жағдай. Сіз пробиотиктері бар лаванда суын ішіп отырғанда, үстелге авокадо муссы қосылған жасыл қарақұмық салаты ұсынылмақ. Одан кейін тамыржемістілермен ұсынылатын карабинерос және тіпті испаниялық leche frita десертінің вегандық нұсқасына кезек беріледі. Мейрамхана «фермадан үстелге» қағидасын берік ұстанады. Яғни өнімдердің басым бөлігі тікелей өздерінің жеке органикалық фермасынан алынады.

ZEM-ге келе салып, сіз тамаша саяхаттап қана қоймайсыз. Бұл жер күш-қуатты қалпына келтіруге, ойды жинақтауға және өмір ырғағын сәл де болса бәсеңдетуге арналған таптырмас мүмкіндік. Сіз мұнда мүлдем жаңа тәжірибені бастан өткересіз.