Lifestyle|Travel

Онлайн жұмыс істейтіндерге арналған нұсқаулық: әлемнің қай жерінде диджитал номад визасы қолайлы?

Автор T-Labs Team
06.02.2025
Чиангмай, Таиланд | Unsplash
IMAGE Чиангмай, Таиланд | Unsplash

Онлайн жұмыс істеу үшін ең жақсы қалалар тізімін жасадық

Цифрлық көшпенді өмір салтын таңдағанда, онлайн жұмыс істеуге қолайлы қаланы таңдау маңызды. Бұл нұсқаулық қашықтан жұмыс істейтіндер үшін ең тартымды әлемдік бағыттарды қарастырып, өмір сүру құны, интернет инфрақұрылымы және жалпы өмір сүру сапасы сияқты үш негізгі факторға назар аударады.

Чиангмай, Таиланд

Орташа айлық шығындар: $800-1100
Интернет жылдамдығы: 100-200 Мбит/с

Чиангмай – цифрлық көшпенділер үшін тартымды қала. Танымал Нимман ауданындағы заманауи студиялық пәтерлердің жалдау ақысы айына $400-550 болса, жергілікті тағамдар $2-4-дан басталады. Қалада көптеген коворкинг орталықтары бар, олардың айлық төлемі $70-140 аралығында.

Таиландтың үкіметі жақында цифрлық көшпенділер үшін ыңғайлы визаны енгізді.

Чиангмай, Таиланд | Unsplash
IMAGE Чиангмай, Таиланд | Unsplash

Лиссабон, Португалия

Орташа айлық шығындар: $1600-2000
Интернет жылдамдығы: 200-500 Мбит/с

Лиссабон – еуропалық әсемдік пен заманауи мүмкіндіктердің үйлесімі. Internews сауалдамасының қорытындысы бойынша Лиссабонның экспаттарға жағымды топ-10 қаланың тізіміне енген. Мұнда цифрлық инфрақұрылым өте жақсы дамыған, ал қауіпсіздік пен денсаулық сақтау жүйесі жоғары деңгейде. Азиядан шаршап, Еуропада тұрақтағысы келіп, онлайн жұмыс істейтіндер үшін D7 визасы енгізілген.

Лиссабон, Португалия | Unsplash
IMAGE Лиссабон, Португалия | Unsplash

Медельин, Колумбия

Орташа айлық шығындар: $1100-1400
Интернет жылдамдығы: 50-150 Мбит/с

Медельин соңғы онжылдықта онлайн жұмыс істейтіндер үшін ыңғайлы орынға айналды. Медельинде жыл бойы көктем секілді жылы климат. El Poblado ауданында тез интернеті бар заманауи пәтерлер бар. Қалада тегін Wi-Fi аймақтары көбейіп, технологиялық қауымдастықтар дамуда. Тұрғын үй бағасы қолжетімді, ал жан-жақты медициналық сақтандыру айына $70-100 құрайды.

Медельин, Колумбия | Unsplash
IMAGE Медельин, Колумбия | Unsplash

Дананг, Вьетнам

Орташа айлық шығындар: $700-950
Интернет жылдамдығы: 100-150 Мбит/с

Дананг – теңіз жағалауындағы тыныш өмір мен қалалық инфрақұрылымның үйлесімі. Онлайн жұмыс істейтіндердің арманы: интернет тұрақты, ал өмір сүру құны басқа Оңтүстік-Шығыс Азия қалаларымен салыстырғанда төмен. Теңізге қарайтын пәтерлердің бағасы айына небары $400-дан басталса, жарық, су сияқты пәтерақысы – $70-100 аралығында.

Дананг, Вьетнам | Unsplash
IMAGE Дананг, Вьетнам | Unsplash

Тайбэй, Тайвань

Орташа айлық шығындар: $1400-1800
Интернет жылдамдығы: 200-500 Мбит/с

Тайбэй – технология мен дәстүрді біріктіретін ерекше қала. Мұнда әлемдегі ең жылдам интернет желісі бар, ал Даань және Синьи аудандарында цифрлық көшпенділер үшін көптеген коворкинг кеңістіктері орналасқан.

Тайбэй, Тайвань | Unsplash
IMAGE Тайбэй, Тайвань | Unsplash

Сингапур

Орташа айлық шығындар: $2700-3500
Интернет жылдамдығы: 300-500 Мбит/с

Сингапур қымбат қала болғанымен, керемет цифрлық инфрақұрылым мен кәсіби мүмкіндіктерді ұсынады. Мұнда Tech.Pass бағдарламасы енгізіліп, технологиялық мамандар мен онлайн жұмыс істейтіндерге тұрақтауға мүмкіндік жасалған.

Сингапур | Unsplash
IMAGE Сингапур | Unsplash

Сеул, Оңтүстік Корея

Орташа айлық шығындар: $1800-2200
Интернет жылдамдығы: 250-500 Мбит/с

Сеул – жоғары технологиялық орталық, әлемдегі ең жылдам интернет желісіне ие. Мұнда қоғамдық орындардың барлығында дерлік тегін Wi-Fi бар, ал Гангнам және Итаевон аудандарында заманауи коворкинг кеңістіктері мен халықаралық қауымдастықтар бар. Оған қоса қаланың қоғамдық транспорттары жақсы және көптеген кафелері тәулік бойы ашық. 

Сеул, Оңтүстік Корея | Pexels
IMAGE Сеул, Оңтүстік Корея | Pexels

Куала-Лумпур, Малайзия

Орташа айлық шығындар: $950-1200
Интернет жылдамдығы: 150-300 Мбит/с

Куала-Лумпурда цифрлық көшпенділерге арналған ұзақ мерзімді визалар мен заманауи инфрақұрылым бар. MM2H (Malaysia My Second Home) бағдарламасы қашықтан жұмыс істейтіндерге ұзақ уақыт елде болуға мүмкіндік береді. Букит Битанг және KLCC аудандарында заманауи пәтерлер мен жылдам интернет, коворкинг орталықтары бар. 

Куала-Лумпур, Малайзия |  Pexels
IMAGE Куала-Лумпур, Малайзия | Pexels

Бали, Индонезия (Чангу)

Орташа айлық шығындар: $1100-1500
Интернет жылдамдығы: 100-200 Мбит/с

Балидің Чангу деген қаласы жағажайы мен жұмыс орталығының үйлесімінің арқасында ең танымал цифрлық орталыққа айналды. Мұнда заманауи коворкинг кеңістіктері мен жоғары деңгейлі инфрақұрылым бар. Онлайн жұмыс орталығы деп осыны айт. 

Бали, Индонезия (Чангу) | travelrebels.com
IMAGE Бали, Индонезия (Чангу) | travelrebels.com

Ескерту: Көрсетілген бағалар баспана, тамақ, көлік және жұмыс кеңістігіне кететін негізгі шығындарды қамтиды. Интернет жылдамдығы орталық аудандардағы орташа көрсеткіштерге негізделген. Барлық сандар шамамен алынған және өзгеруі мүмкін.

T-Labs Teams-дың бұл мақаласы алғаш рет 2025 жылдың 27 қаңтарында ағылшын тілінде жарияланған, Tatler KZ үшін қазақ тіліне 2025 жылдың 6 ақпанында аударып, жаңартқан – Адиса Кин.