Lifestyle|Travel

Эгей теңізі жағалауындағы демалыс

АвторыTatler Kazakhstan
23.07.2026
Эгей теңізі жағалауындағы демалыс
Егер Грекиядағы Эгей теңізінің жағалауында демалуды жоспарлап жүрсеңіз, Халкидики түбегіндегі Sani курортын назардан тыс қалдырмаңыз. Бұл – аумағы 1000 акрға жуықтайтын көркем қорықта орналасқан, құмды жағажайы, қарағайлы тоғайы және жеке яхта маринасы бар нағыз жұмақ мекен

Мұнда кез келген демалыс форматына сай келетін барлық жағдай жасалған. Қонақтардың игілігі үшін ұзындығы 7 километрге созылатын жағажай, қырықтан астам мейрамхана мен бар, сондай-ақ концепциясы жағынан бір-біріне мүлдем ұқсамайтын бес қонақүй жұмыс істейді. Енді осы қонақүйлердің басты ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталған жөн.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Sani Dunes – ашық дизайнерлік лоббиі және Грекиядағы ең үлкен жылытылатын бассейні (аумағы 3500 шаршы метр) бар қонақүй. Ол лагуна пішінінде жасалып, барлық нөмірлер мен сьюіттерді бойлай орналасқан. Сондықтан бөлмеден тікелей суға түсіп, таңертең немесе кешке емін-еркін жүзуге болады. Интерьерінде заманауи геометрия мен жерортатеңіздік сарындар тамаша үйлесім тапқан. Ал панорамалық терезелер мен балкондар бассейнге немесе жеке жағажайға қарап тұр. Бұл нұсқа қайнаған тіршілік пен жайлылықты қатар іздеп, күнін су жағасында өткізгісі келетіндер үшін мінсіз таңдау.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Қонақүйлердің ішіндегі ең оңашасы әрі жайлысы – Sani Asterias. Ол биылғы маусымда үш жылдық қайта құру жұмыстарынан кейін есігін айқара ашты. Мұнда бар-жоғы 59 резиденция бар. Олардың әрқайсысынан жеке жағажайға немесе яхталар маринасына тікелей шығуға болады. Әр бөлмеде қонақтарға жеке қызмет көрсетіледі, ішіне Anne Semonin Paris премиум косметикасы, шарапқа арналған жеке тоңазытқыш пен бар қойылған. Тіпті кейбір резиденцияларда жылытылатын жеке бассейн бар. Жаңартудан кейінгі ландшафтық дизайн артық сән-салтанатсыз, табиғи материалдарға басымдық беріп жасалған. Оған қоса, биыл қонақүйдің басты Water мейрамханасын екі Michelin жұлдызының иегері Брюно Ожер өз қолына алды. Ол француз аспаздық техникасын жерортатеңіздік өнімдермен шебер ұштастырып, Asterias қонақтарына арнайы премиум мәзір әзірлеген. Мейрамхананың интерьері теңіз жағасындағы классикалық бистро стилінде – өте жылы, жинақы әрі талғаммен безендірілген.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Қонақүйлерден бөлек, курорттың жүрегі саналатын маринаға да уақыт бөлген жөн. Бұл – яхталар, әлемдік бренд бутиктері және бірнеше мейрамхана шоғырланған орталық. Ол жерден Эгей теңізіне серуендеуге шығып, лагунада суға түсуге немесе сапборд тебуге тапсырыс беруге болады. Қонақүй аумағынан тыс орналасқан мейрамханаларды да атап өткен жөн. Мысалы, Psaroyannos грек асханасы мен теңіз өнімдерін ұсынса, Lima перулік мәзірімен танымал. Ал El Puerto мейрамханасын биыл екі Michelin жұлдызы бар Андони Адуриз басқарып отыр. Сондай-ақ теңіз өнімдерінен жасалатын жеңіл тағамдарды еркін атмосферада ұсынатын Beach House бар.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Белсенді демалыс сүйер қауым үшін курорт аумағында түрлі спорт кешендері қарастырылған. Олардың ең бастысы – 2019 жылы ашылған Рафаэль Надальдың теннис орталығы. Онда сегіз топырақ корт, клуб және демалуға арналған ашық аймақ бар. Жаттығулар әйгілі спортшының жеке әдістемесі бойынша өтеді. Бұл бағдарламалар жаңа бастағандарға да, тәжірибелі ойыншыларға да арналған. Балалар үшін кәсіби бапкерлер сабақ беретін Челси футбол академиясы жұмыс істейді (4-17 жас аралығындағыларға арналған). Сонымен қатар Беар Гриллстің аман қалу академиясы, велоспорт және желкенді спорт мектептері, су шаңғысы мен дайвинг үйірмелері жұмыс істейді.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Жазда курортта екі ірі іс-шара өтеді. Sani Gourmet гастрономиялық фестивалі 10 шілдеден 7 тамызға дейін жалғасады. Фестиваль аясында жұма сайын Elia мейрамханасында үш Michelin жұлдызы бар шеф-аспаздардың арнайы сеттері ұсынылады (олардың қатарында Disfrutar командасы, Пиа Леон, Альберт Адриа, Пьер Ганьер және Даниэль Хумм бар). Ал Sani Festival музыкалық фестивалі 11 шілде мен 15 тамыз аралығында Sani Hill ашық сахнасында өтеді. Биылғы бағдарламада Роберт Плант, Джеймс Артур, Вики Леандрос, Soul II Soul және басқа да өнерпаздар бар. Екі фестиваль де курорттың жалпы бағдарламасына енгізілген, алайда билеттер мен орындарды алдын ала нақтылап алған жөн.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан