Lifestyle|Travel

Алматы қаласының жаңа жолсерігі таныстырылды

АвторыTatler Kazakhstan
21.07.2026
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Жолсерікте мейрамханалар, барлар, мұражайлар мен галереяларға арналған арнайы бөлімдер бар. Сондай-ақ дүкендер, қонақүйлер және тау соқпақтары да назардан тыс қалмаған

Жақында Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа жолсеріктің тұсаукесері өтті. Таныстырылым 17 шілде күні Ботаника бағындағы DOS Community кеңістігінде ұйымдастырылды. Жоба авторы Мәдина Аман оны «Алматы essentials: вайб, места, еда, прогулки, адреса» деп атаған.

Бұл басылымды жай ғана кітап емес, жергілікті редакторлар тобы мұқият іріктеп жасаған пайдалы кеңестер жинағы деуге болады. Оның ішінде қаланың ең маңызды орындары түгел қамтылған. Мәселен, таңдаулы мейрамханалар мен барлар, мұражайлар мен заманауи галереялар, дүкендер мен жайлы қонақүйлер туралы ақпаратты оп-оңай табуға болады. Тіпті жаяу серуендеуге немесе тауға шығуға арналған дайын бағыттар да бар. Әзірге жолсерік қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді, ал күзде оның ағылшын тіліндегі нұсқасы жарық көрмек.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Жобаның ресми серіктесі – Yandex Qazaqstan компаниясы. Сондықтан кітапты оқу ғана емес, іс жүзінде қолдану да өте ыңғайлы. Мысалы, серуендеу бөліміндегі QR-кодты сканерлесеңіз, смартфон картасынан дайын бағыт ашыла кетеді. Ал көрнекті орындар туралы ақпарат «Яндекс Нейро» нейрожелісінің көмегімен толықтырылған. Оған қоса, басылымнан «Яндекс Музыкадағы» «Алматымда» атты плейлистіне және Алматы туралы түсірілген фильмдер мен жазылған кітаптар тізіміне апаратын сілтемелерді табуға болады.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
8 фотоның / 1 фотосы Баспасөз қызметінің мұрағатынан

«Кітапты жасағанда оның мейлінше ыңғайлы болғанын қаладық, сондықтан жұмсақ мұқабалы А5 форматын таңдадық. Өйткені мұндай шағын өлшемді кітапты жолға алып шығу немесе қала аралағанда сөмкеге сала салу өте оңай. Соңына жазба қалдыруға арналған, блокнот сияқты сызылған парақтары бар «Естеліктер» бөлімін қостық. Ал қажетті ақпаратты тез табу үшін әр бөлімді жеке түспен ерекшеледік», – дейді Алматы essentials жобасының арт-директоры.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Жолсерік жақын күндері «Меломан» дүкендер желісінде сатылымға шығады.