Lifestyle|Travel

Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат

Автор Адиса Кин
20.01.2025
mvrdv.com
IMAGE mvrdv.com

Кітапхана туралы көзқарасыңызды өзгертетін 7 футуристік ғимарат

Бұрын кітапханалар жай ғана жан азығы сақталатын киелі орын болса, қазір олар сәнді және инновациялық ғимараттар мен мәдени хабтарға айналған. Жай ғана кітаптар жинағы емес, бұл ғимараттар – нағыз шабыт көзі. XXI ғасырда кітапханалар тек оқу мен білім алу орталығы ғана емес, подкаст жазатын студиялар мен түрлі шеберлік сабағы өтетін көпфункциялы кеңістіктерге айналды. 2016 жылы Pew Research Center өткізген сараптамаға сәйкес, миллениалдар қоғамдық кітапханаларды басқа ұрпақтарға қарағанда жиірек пайдаланады. Сондықтан әлем жаңа сұраныстарға бейімделіп, кітапханалар қазір қайтадан «sexy and cool» форматта жаңарып жатыр. Тарихшылар XVII ғасырды «‎кітапханалардың алтын дәуірі» деп атаса да, төменде атап өтілген ғимараттар өзіндік ренессанс дәуірін бастан кешіріп жатыр. Төменде сізді таң қалдырып, кітапханалар туралы көзқарасыңызды түбегейлі өзгертетін 7 футуристік ғимарат туралы баяндаймыз.

Хельсинкидегі Ооди кітапханасы

Ашылған жылы: 2018

Финляндия өзінің көрнекті кітапхана мәдениетімен танымал. Хельсинкидің қақ ортасында орналасқан Ооди ғимараты – футуристік сәулет өнерінің шедеврі. Жергілікті дизайн мекемесі ALA кітапхананың шатырын айсбергке ұқсатып жасаған. Оны да кітапхананың қасында орналасқан айсберг пішінді Finlandia Hall ғимаратымен үйлестіргені анық байқалады. Бір қызығы, кітапханадағы кітаптардың көп бөлігі тек жоғарғы қабатта орналасқан, ал төменгі екі қабатта 3D-принтерлер, подкаст студиялары, театр, тіпті балалар ойын алаңдары бар.

Жергілікті тұрғындар Оодиді «қоғамдық қонақ бөлме» деп те атайды. Финдердің саунаға деген махаббаты ерекше, кітапхананың бастапқы жобасына сауна қосу туралы ой да болған. 

Сонымен қатар Оодиде кітаптарды сұрыптайтын роботтар да бар. Заманауи кітапхана деп осыны айт. 

Instagram @oodihelsinki
IMAGE Instagram @oodihelsinki
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат

Тяньцзиньдегі Биньхай кітапханасы

Ашылған жылы: 2017

Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы бұл ғажап ғимаратты нидерландтық MVRDV компаниясы жобалаған. «Көз» деп аталатын кітапхана ортасында үлкен сфера тәрізді залымен ерекшеленеді. Сөрелер еденнен төбеге дейін кітаптармен толы болып көрінгенімен, жоғарыдағы сөрелердің біразы – шынайы кітаптардың орнына алюминий тақтайшаларға басылған суреттер. Бұл – қол жетпес биіктіктерді көркем етіп безендірудің креативті шешімі. Инстаграмның сүйікті нысандарының біріне айналған бұл кітапхана бүгінде туристер үшін нағыз магнит іспетті.

mvrdv.com
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
6 фотоның / 1 фотосы mvrdv.com

Берлиндегі Филология кітапханасы

Ашылған жылы: 2005

«Берлин миы» деп аталатын экологиялық кітапхана – Норман Фостердің таңғажайып еңбегі. Ғимарат күн сәулесін тамаша пайдаланып, жарықтың табиғи ағынымен толтырылады. Фостердің энергия тиімділігіне деген сүйіспеншілігі мұнда әрбір бұрыштан сезіледі: арнайы геометриялық конструкциялар мен күн сәулесін сүзгіден өткізетін панельдер кітапханаға жайлы оқу атмосферасын сыйлайды.

Instagram @fu_berlin
IMAGE Instagram @fu_berlin
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
fu-berlin.de
IMAGE fu-berlin.de
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат

Сиэтл қоғамдық кітапханасы 

Ашылған жылы: 2004

Сиэтлдің 11 қабатты әйнек пен болаттан салынған кітапханасы – заманауи сәулеттің шедеврі. Рем Колхастың жобасы бойынша бес жыл салынған бұл кітапхана қала көркін ашып, оның прогрессивті рухын бейнелейді. «Кітап спиралі», яғни бірнеше қабат бойы созылған ерекше сөрелер жүйесімен ерекшеленеді. Сонымен қатар кітапханада кофе ішіп,  көрмелерді тамашалап, тіпті тегін тіл үйрену сабақтарына қатысуға болады.

modernistarchitecture.blogspot.com | Photo: Darren Bradley
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
4 фотоның / 1 фотосы modernistarchitecture.blogspot.com | Photo: Darren Bradley

Канадзава Умирай кітапханасы

Ашылған жылы: 2011

Жапон сәулетшілері Кадзуми Кудо мен Хироши Хорибаның жобасы бойынша жасалған Канадзава Умирай кітапханасы – өте қарапайым әрі әсем ғимарат. Бұл кітапхананы жергілікті тұрғындар «торт қорапшасы» деп атап кеткен. Сыртынан құдды бір ірімшік сияқты, 6000 дөңгелек пішіндес терезеден түскен күн сәулесі ғимарат ішін жаймашуаққа бөлейді. 

visitkanazawa.jp
IMAGE visitkanazawa.jp
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат

Нидерландтағы Бук Маунтин 

Ашылған жылы: 2012

Егер кітапхананы білім ғибадатханасы деп қарастырсақ, Бук Маунтин – сол ғибадатхананың шыныдан жасалған нағыз шедеврі. Пирамида пішіндес бұл ғимарат күн сәулесін ерекше тиімді пайдаланып, ішкі кеңістікті табиғи жарықпен толтырады, ал оның ерекше атмосферасы келушілерді бірден баурайды. Нидерландтың ауыл шаруашылығы мұрасына құрмет ретінде кітапхана айналасы табиғи тас төсемдермен сәнделген. Ғимараттың сырты фермерлік стильдегідей жасалған. Мұнда оқу залдары, шахмат клубы және түрлі білім беру орталықтары оқырмандарды әрдайым өзіне тартып тұрады.

mvrdv.com
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
5 фотоның / 1 фотосы mvrdv.com

Сеулдің Старфилд кітапханасы

Ашылған жылы: 2017

Тізімімізді сізді таңқалдырар нағыз келешектің кітапханасы түйіндейді. Жоғарыда аталған мәдени ғимараттардан ерекшеленетін, бірақ өзінің батыл шешімдерімен жаңа дәуірдің белгісіне айналған орын – Сеулдегі COEX сауда орталығындағы футуристік кітапхана. Шопинг пен білімді біріктірген бұл жұлдыз тәрізді кітапхана өзінің биік сөрелері мен ашық, кең тынысты дизайнымен көз тартады. Мұнда тек кітап оқып қана қоймай, кофе ішіп, заманауи өнер көрмелерін тамашалауға, жай ғана тынығуға болады. 

«‎Осы ерекше кітапханалардың біріне бару» деген жоспар мәдени саяхатыңыздың маңызды бөлшегіне айналатынына кәміл сенеміз.

Instagram @starfield.library
IMAGE Instagram @starfield.library
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат
Әлемнің футуристік стильдегі кітапханаларына саяхат