Lifestyle|Sports

Жаңа титул жолында: Нинбоға келген Елена Рыбакина қытайдың дәстүрлі киімімен көрінді

АвторыTatler Kazakhstan
20.10.2026
Елена Рыбакина | Instagram NINGBO OPEN 2026
IMAGE Елена Рыбакина | Instagram NINGBO OPEN 2026
Қазақстанның бірінші ракеткасы Уханьдағы доданы өткізіп алғаннан кейін, кезекті жарысқа қатысу үшін Қытайға табан тіреді

Елена Рыбакина өзінің Instagram парақшасында жанкүйерлеріне әдемі тосынсый жасады. Ол Қытайдың дәстүрлі ұлттық киімін киіп түскен видеосын жариялап, геолокацияда Нинбо қаласындағы Дунцянь көлін белгілеген. Отандасымыз Аспанасты еліне 19-25 қазан аралығында өтетін WTA 500 санатындағы халықаралық турнирге қатысу үшін барған.

Бұл жарыста бірінші нөмірмен өнер көрсететін Рыбакина турнирді бірден екінші айналымнан бастайды. Айта кетерлігі, Елена биыл осы жарыста өзінің былтырғы чемпиондық атағын қорғайтын болады. Өйткені ол өткен жылы дәл осы турнирдің финалында ресейлік Екатерина Александрованы тізе бүктіріп, бас жүлдені қанжығасына байлаған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін спортшы Қытайда өткен WTA 1000 санатындағы Ухань турниріне қатысудан бас тартқан болатын. Енді міне, жанкүйерлер оның үзілістен кейін кортқа қайта оралған сәтін тағатсыздана күтіп отыр.