12 тамызда 18 жасқа толған Сәтбаев енді ағылшын клубы сапында Премьер-лиганың ресми матчтарына толыққанды қатысу құқығына ие болды. Сәтбаевтың «Қайраттан» «Челсиге» ауысуы сонау 2025 жылы келісілген еді. Алайда толыққанды трансферді футболшы 18 жасқа толған соң ғана рәсімдеу жоспарланған. Бұл FIFA ережелерімен байланысты: кәмелетке толмаған ойыншылардың халықаралық трансферіне көп жағдайда тыйым салынған.
Осы уақытқа дейін Сәтбаев «Челсидің» негізгі құрамымен танысып үлгерген еді. Бас бапкер Хаби Алонсо қазақстандық ойыншыны Австралия мен Азиядағы маусымалды турне тізіміне қосқан болатын. Енді ойыншының мәртебесіне қатысты өзгерістер Transfermarkt, Flashscore және Sofascore сияқты танымал футбол сайттарында да көрініс тапты. Бұдан былай Сәтбаев «Қайраттың» емес, ресми түрде «Челсидің» ойыншысы ретінде тіркелді.
