Кештің атмосферасы табалдырықтан-ақ сезілетін — қонақтарды фойеде ежелгі грек құдайларының бейнесіндегі қос атлет қарсы алды. Бұл қойылым кештің басты идеясын бірден аңғартқандай болды.

Мерекелік бағдарлама Роман Александров пен ULTRA агенттігінің тарихына арналған фильммен ашылды, кадр сыртында актер Сергей Чонишвилидің көпке таныс барқыт дауысымен ұжымның 20 жылдық тарихы баяндалды. Жиырма жыл ішінде агенттік Dior, Louis Vuitton, Van Cleef & Arpels, Bvlgari, Damiani, Messika, Jimmy Choo, Jo Malone, Range Rover сияқты әлемдік брендтермен бірге талай дүбірлі жоба жасады.





Дастарқан басында қонақтарға алты түрлі тағам кезекпен ұсынылды, ал кештің басты тосынсыйы — ақын Сола Монова мен оның музыканттары дайындаған кабаре-шоу болды. Үзіліс сәттерінде қонақтар әңгіме-дүкен құрып, туған күн иесін ақ тілектерімен қуантты.


Кеш қонақтарының арасында актриса Әсел Сағатованы, тележүргізушілер Лилия Рах пен Айгүл Мүкейді, дизайнерлер Леонид Жеребцовты, Алексей Чженді, Эльмира Ибрагимованы, Евгения Линович пен Юлия Скрябинаны, кәсіпкер әйелдер Әсел Тасмағамбетова мен Гаухар Қаппарованы, сондай-ақ прима-балерина Сәуле Рахмедованы байқауға болады.
Роман Александровты және ULTRA ұжымын құттықтауға блогерлер Жанна Ахметова, Идрис Яхьяров пен Андреана Ткаченко, журналист Денис Кривошеев, меценат Айман Тұңғышбаева, нумеролог Клара Куздембаева сияқты агенттіктің басқа да достары арнайы келіп, құттықтады.

Мереке иесіне табысталған сыйлықтардың ішінде ерекше көзге түскені — лимиттелген топтамадан шыққан сағат. Әлемде бар болғаны 25 дана шыққан серияның бесіншісі екен. Ал Виталий Козактың DJ-сеті «Жеңіл жанр кешіне» әдемі нүкте қойды.

Кештің серіктесі — ГЕРОФАРМ. Метаболизмді жақсартумен айналысатын халықаралық биотех-компания. Салмақты бақылауда ұстап, сапалы өмір сүрудің заманауи ғылыми тәсілдерін насихаттап келеді.





























