«Целинныйдағы» қысқы кинобағдарлама: 1960-жылдардан 2020-жылдарға дейін
Күні: 13 желтоқсан – 4 қаңтар аралығы
Орны: «Целинный», Масанчи к-сі, 59
Бағасы: 5 мың теңгеден бастап
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы бұл мекеннің кеңестік кинотеатрдан қазіргі мәдени орталыққа қалай өзгергені туралы баяндайтын «Целинный тарихы» атты үлкен кинобағдарламаны ұсынады. Бағдарламаға 11 көрсетілім кірген, олардың қатарында үнді және тайвань киносының классикасы, соңғы жылдардағы авторлық фестиваль фильмдері, қайта өңделген «Отырардың күйреуі» картинасы және сирек жанрлық туындылар бар.
«ARTиШОК» театрындағы «Шағала» спектаклінің қойылымы
Күні: 26, 27 және 28 желтоқсан
Орны: «ARTиШОК», Үлкен сахна, Гоголь к-сі, 40
Бағасы: 10 мың теңгеден бастап
Жаңа жыл қарсаңында «ARTиШОК» сахнасында Антон Чеховтың шығармасы желісімен қойылған «Шағала» (Чайка) классикалық комедиясы көрсетіледі. Галина Пьянованың Үлкен сахнада қойған бұл спектаклі – театр мерейтойына орайластырылған маңызды оқиға. Театр ширек ғасыр бойы тәуелсіз өнер жасап, өзінің бағыт-бағдарын өзі үшін де, көрермен үшін де күн сайын қайта айқындап келеді. Спектакль өзегінде XXI ғасырда да маңызын жоғалтпаған сұрақтар жатыр: дәстүр маңызды ма, әлде эксперимент пе, дағдарысты қалай еңсеруге болады, жеккөрушілік (хейт) пен қоғамдық айыптау (cancel culture) қалыпты жағдайға айналған әлемде қалай өмір сүреміз және бүгінгі театр қандай жауап бере алады?
«Батыр Аманаты»: Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған үлкен трибьют-концерт
Күні: 20 желтоқсан
Орны: Almaty Arena, Нұркент ш/а, 7
Бағасы: 12,5 мың теңгеден бастап
20 желтоқсанда танымал қазақстандық орындаушылар Батырханның шығармашылық мұрасына құрмет көрсету үшін Almaty Arena сахнасына жиналады. Концертке Sadraddin, Akha, Hey Monro, Qanay, Jeltoksan, Taspay, Әбік Жексен, ARO, KYLE RUH, Ардақ Балажанова, Бейбіт Құшқалиев, Рүстем Нұржігіт, Ілес Жалғасбек қатысады. Кеш «Аманат» альбомының шыққанына 10 жыл толуына орайластырылған.
Сәуле Дүйсенбинаның «Blue Origin» көрмесі
Күні: 16 желтоқсан – 16 қаңтар аралығы
Орны: Egin Art Space, Нұрмақов к-сі, 79
Бағасы: кіру тегін
16 желтоқсанда Egin Art Space кеңістігінде Сәуле Дүйсенбинаның жеке көрмесі ашылады. Джефф Безостың зымыранының атымен аталатын Blue Origin – түс пен өңдегі ұшу және жалпы ұшу ұғымы туралы сыр шертетін жоба. Көрмеде алғашқы қазақстандық ғарыш турисі Данна Қарағұсова, Желтоқсан құрбандарының бірі Ләззат Асанова, суретші Бақыт Бубиқанова және Молдақұл Нарымбетовті еске түсіретін Санта-Клаус кейпіндегі бүркітші бейнелері қатар көрініс табады.
