Лиза Киннің көрмесі
- Қашан: 5 маусым - 30 тамыз 2026
- Қайда: Begilda Gallery, Наурызбай батыр көшесі, 115
- Кіру: тегін
Begilda Gallery заманауи суретші Лиза Киннің жеке көрмесіне шақырып отыр. ZONE атауымен таныстырылған бұл жоба кеңістіктің адамға әсерін зерттеуге бағытталған. Біз неліктен кейбір ортада өзімізді жайсыз сезініп, жатсынамыз? Суретшінің басты мақсаты – дәл осы сұрақтардың жауабын табу. Кескіндеме, түрлі нысандар және галерея сәулетімен жұмыс істей отырып, Лиза Кин дене, естеліктер мен қоршаған орта арасындағы байланысқа мүлдем жаңа көзқарас ұсынбақ.

«Бармақ қыз» спектаклі
- Қашан: 6 маусым, 18:30
- Қайда: Almaty Theatre, әл-Фараби даңғылы, 30
- Билет құны: 5000 теңгеден басталады
Almaty Theatre ұжымы Total Kids Theater және «Қазақстан Камератасы» ансамблімен бірігіп, көрерменге «Бармақ қыз» көлеңкелі спектаклін тарту етпек. Бала кезден таныс ертегі мүлдем жаңа қырынан сипат алған. Қойылым барысында жарық пен көлеңке ойыны актерлердің шебер пластикасымен әдемі үйлесім тапқан. Ал Петр Чайковский шығармалары оқиғаға жанды музыкалық рух сыйлары сөзсіз.
«Чувствуя стихии» көрмесі
- Қашан: 1-7 маусым, 14:00-20:00
- Қайда: Catharsis мультимедиялық арт-галереясы, Абылай хан даңғылы, 122а
- Билет құны: 2500 теңгеден бастап
«Чувствуя стихии» иммерсивті көрмесі көрерменді табиғаттың төрт тылсым күші – су, ауа, жер және от әлеміне саяхат жасауға шақырады. Мұнда галерея кеңістігі интерактивті проекциялар, жарық, дыбыс және цифрлық инсталляциялар арқылы көпқабатты визуалды әлемге айналған. Бұл жерде өнерді тек көзбен көріп қана қоймай, тұтас жан-тәніңмен сезіну оп-оңай.
The Spirit of Tengri
- Қашан: 7 маусым, 12:00 бастап
- Қайда: Абай алаңы
- Кіру: тегін
The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалі дәстүрлі түрде ашық аспан астында ұйымдастырылмақ. Үлкен сахна әртүрлі елдердің өнерпаздарын қайта қауыштыруға дайын. Биылғы кештің басты қонағы – Эндрю Дональдс. Бұл дарынды вокалисті көпшілік Enigma тобындағы жұмысы арқылы жақсы таниды. Музыкалық бағдарлама сағат 18:00 шамасында басталса, ал түстен кейін алаңда фудкорт пен этномаркет қонақтар үшін есігін айқара ашпақ.
«Celeste» концерті
- Қашан: 7 маусым, 19:00
- Қайда: «Жесть» клубы, Розыбакиев көшесі, 234
- Билет құны: 11 000 теңге
- Жас шектеуі: 18+
Орталық Азиялық турне аясында Алматыда алғаш рет франциялық Celeste тобы өнер көрсетпек. Бұл ұжым өте қуатты әрі тылсым үнімен жанкүйерлер жүрегін жаулап алған. Олардың музыкасы сладж, блэк-метал, постхардкор, дум және дэт-метал элементтерінің мінсіз қоспасы. Аталмыш кеш – қазіргі ауыр музыка сахнасындағы ең көрнекті андеграунд топтарының бірін жанды дауыста тыңдау мүмкіндігі.
