Lifestyle|Entertainment

Жаралы жүректер, A'Studio және театр: Алматыда 5-11 қазан аралығында қайда баруға болады

АвторыВиолетта Тельманова
05.10.2026
A'Studio Instagram-парақшасынан
IMAGE A'Studio Instagram-парақшасынан
Қауырт өткен бір айдан соң, осы аптада алматылықтардың кішкене тыныстап алуына толық мүмкіндік бар. «Көштен қалып қоям-ау» деген күнделікті уайымды (fomo) да қоя тұрсаңыз болады. Бірақ бұл тыныштық ұзаққа созылмайтынын ескертеміз. Сондықтан күздің жайлы күндерін пайдаланып, кешкі демалысыңызды баппен жоспарлаңыз. Театр, стендап-комедия немесе A'Studio әндері шырқалатын алматылық классиканың қайсысын таңдасаңыз да, керемет кеш өтері анық

«Мушкетеры. Perdeler» спектаклі 

  • Қашан: 6 қазан, 19:00
  • Қайда: ARTиШОК театры, Үлкен сахна, Гоголь көш., 40
  • Құны: 8 000 ₸-ден бастап

Бұл ерекше қойылымда Дюма дәуірі мен заманауи Қазақстан, француз корольдік сарайы мен қазақтың барокко стилі б3р арнаға, ал классикалық оқиға жаңаша баяндалады. Бұл туынды ARTиШОК театрының нағыз классикасына айналып үлгерген. Егер қандай да бір себептермен оны әлі көрмеген болсаңыз, осы олқылықтың орнын толтыратын кез келді.

«Жаралы жүректер клубы» стендап-шоуы

  • Қашан: 9 қазан, 21:00
  • Қайда: Almaty Central Stand Up Club, Қабанбай батыр көш., 71
  • Құны: 3 000 ₸-ден бастап

Мұхтар Ерлан мен Адият Шәкір дуэті көрерменнің көзайымына айналғалы қашан. Алматылық зиялы қауым туралы ирониялық рилстер сізге аздау көрінсе, жігіттермен Central-да жанды форматта қауышатын кез келді. Комиктер көрермендермен бірге бұрынғы ғашықтарды талқылап, жүрек жарасын әзілмен емдеуге тырысады.

A'Studio тобының концерті

  • Қашан: 9, 10 қазан, 20:00
  • Қайда: Республика сарайы, Достық даңғылы, 56
  • Құны: 16 050 ₸-ден бастап

Аты аңызға айналған A'Studio Алматыда қатарынан екі үлкен жанды концерт береді. Бағдарлама туралы толық ақпарат ашылмаса да, көрерменді не күтіп тұрғаны бәрімізге мәлім: жоғары сапалы дыбыс, сүйікті хиттер, Кетидің ғажап дауысы және бәлкім күтпеген музыкалық сыйлықтар.

«Қоғамдық маска» арт-көрмесі

  • Қашан: 10 қазан, 17:00
  • Қайда: М. Лермонтов атындағы театр, Абай даңғылы, 43
  • Құны: кешкі спектакль билетімен

Дарья Дуничтің бұл көрмесі – қазақстандық танымал тұлғалар мен М. Лермонтов атындағы театр әртістерінің портреттер сериясы. Жартылай мөлдір маталар мен өрнектелген маскалар кейіпкерлердің жүзін жасырып, қоғамдық бейненің метафорасына айналады. Көрме адамның шынайы болмысы мен қоғам көретін бейне арасындағы нәзік шекараға үңіледі.

«Девчонка или развод» қойылымы

  • Қашан: 11 қазан, 19:00
  • Қайда: «Трансформа» кеңістігі, Марков көш., 44
  • Құны: 10 000 ₸-ден бастап

Суламит есімді ақын әйел күйеуі Сүлейменмен ажырасуға қамданып жүргенде оның кенеттен қайтыс болғанын естиді. Арада жеті ай өткен соң ол некесін тым болмаса сахнада аяқтауға тырысып, спектакль ішінде жаңа спектакль жасайды. Алайда кінә сезімі мен өткеннің елестері оқиға желісін мүлдем басқа арнаға бұрып әкетеді. Бұл – формалар мен жанрлар тоғысқан эксперименттік қойылым. Мұндағы әрбір көрініс поп-мәдениетпен, киномен және өнермен астасып жатыр, ал басты кейіпкер ажырасудың жолын іздей жүріп түрлі әйелдердің бейнесін сомдайды. Қойылымда қазақстандық заманауи ақындардың өлеңдері оқылып, отандық дизайнерлердің киімдері мен қуыршақтар қолданылады.