Lifestyle|Entertainment

Зендея Парижде «сүйінші» сұрағандай болды

АвторыTatler Kazakhstan
12.03.2026
Зендея Париж сән апталығы аясындағы Louis Vuitton әйелдер топтамасының 2026–2027 күз/қыс көрсетілімінде | Фотосуретші: Марк Пиасецки | Getty Images
IMAGE Зендея Париж сән апталығы аясындағы Louis Vuitton әйелдер топтамасының 2026–2027 күз/қыс көрсетілімінде | Фотосуретші: Марк Пиасецки | Getty Images
Жұлдыз неке сақинасын алғаш рет киіп шықты

Париждегі Louis Vuitton шоуында жұрттың назары Зендеяның киімінен бұрын, саусағындағы сақинасына ауды. Оның жүзік бармағындағы жарқыраған алтын әшекейді көргендер мұны бірден Том Холландпен арадағы некенің белгісіне балады. Daily Mail-дің хабарлауынша, стилисі жұлдызды жұптың жасырын үйленіп алғанын сүйіншілегелі бері актриса көпшілік алдына бірінші рет шығып отыр.

Зендея Париж сән апталығы аясындағы Louis Vuitton әйелдер топтамасының 2026–2027 күз/қыс көрсетілімінде | Фотосуретші: Марк Пиасецки | Getty Images
IMAGE Зендея Париж сән апталығы аясындағы Louis Vuitton әйелдер топтамасының 2026–2027 күз/қыс көрсетілімінде | Фотосуретші: Марк Пиасецки | Getty Images

Көрсетілімге Зендея Louis Vuitton-ның ақ көйлегін киіп, нағыз «қалыңдық» бейнесінде жайнап келді. Қара туфлиі мен былғары белдігі, нәзік бет әрлеуі мен қөздегі қырлы сызықтар оның сымбатын айшықтай түсті.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурызда өткен Actor Awards 2026 кешінде стилист Лоу Роуч актриса мен Том Холландтың заңды некеге тұрып қойғанын жайып салған болатын.