Lifestyle|Entertainment

Ыстамбұлда «Тағдырға сен» және «Мүкжидек шербеті» сериалдарының жұлдызы Алейна Бозок ұсталды

АвторыTatler Kazakhstan
13.04.2026
Алейна Бозоктың жеке мұрағаты | Instagram
IMAGE Алейна Бозоктың жеке мұрағаты | Instagram
Актриса есірткі ісіне қатысты қамауға алынды

Түркия полициясы кең ауқымды операция жүргізіп, нәтижесінде 17-адам (оның ішінде актриса Алейна Бозок та бар) құрықталды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, өткен түнде қаладағы төрт ойын-сауық мекемесінде тінту жүргізілген. Күдіктілер тізімінде барлығы 24-адамның есімі аталған, алайда олардың алтауы қазір шетелде жүр.

Актрисадан бөлек, бұрынғы футбол төрешісі әрі блогер Элиф Караарслан, Kütüphane клубының қожайыны Али Коз және өзге де танымал тұлғалар қамауға алынды. Тергеу жұмыстары тек заңсыз есірткі айналымы бойынша ғана емес, жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастыру бабы бойынша да жүргізілуде.

Бұған дейін Ыстамбұлдың бас прокуратурасы тексеруден өткен шоу-бизнес өкілдерінің 77-пайызында есірткі сынамасы оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеген еді. Осы іс аясында бүгінге дейін 255-адам қамауға алынды. Түркиядағы есірткіге қарсы рейдтер 2025-жылдың қазан айынан бері толастамай тұр: кінәсін мойындаған көптеген актерлер мен блогерлер ірі жобалардағы рөлдерінен қағылды.