Lifestyle|Entertainment

UNO: Билли Айлиштің ойын ережесі

Автор Анель Танкибаева
13.10.2025
UNO, Билли Айлиш | store.billieeilish.com
IMAGE UNO, Билли Айлиш | store.billieeilish.com

Билли Айлиш классикалық UNO карта ойынының жеке нұсқасын таныстырды

Билли Айлиш классикалық UNO карта ойынының жеке нұсқасын шығарып, жанкүйерлерін қуантты. Құны небәрі 20 доллар тұратын алғашқы легі әншінің ресми сайтында алдын ала тапсырыс кезінде-ақ көзді ашып-жұмғанша сатылып кетті. Билли Айлиштің нұсқасында бұл ойын классикалық жүрістерін сақтай отырып, нағыз стратегияға айналған. Мысалы, қатысушыларды карталарын ашуға міндеттейтін Reveal Hand функциясы пайда болды. Тағы бір тәуекелді жүріс – Wild Pass Color, ол арқылы ойыншылар белгілі бір түсті карталарды басқа қатысушыларға бере алады. Карталардың басты ерекшелігі – олардың әншінің қисық адам пішініндегі танымал Blohsh логотипімен безендірілуі.