Lifestyle|Entertainment

Төзімділік сабағы мен Цюрих көшелері: ALPHA тобы сахнадағы бес жылдығын қалай атап өтті?

АвторыВиолетта Тельманова
17.11.2026
ALPHA | Qazaq Republic
IMAGE ALPHA | Qazaq Republic
Сахнадағы бес жыл, Цюрих эстетикасы және жаңа көзқарас

Қазақстандық ALPHA q-pop тобы сахнадағы алғашқы ірі мерейтойын BUGIN EMES атты жаңа әнімен атап өтті. Жігіттер бұл туындының бейнебаянын Швейцарияға сапары кезінде Цюрих көшелерінде түсірген екен. Клиптің тұсаукесері 14 қарашада өтті.

BUGIN EMES әні ішкі төзімділік пен өзіңе деген сенімді жырлайды. Жағдай қаншалықты қиындап, бәрі саған қарсы шықса да, берілуге әрқашан үлгересің, бірақ бүгін емес. Ән кейіпкері өткеннің бәрін артқа тастап, өмірін жаңа парақтан бастайды. Ол өзін мазалаған сұрақтардың жауабын дәл осы қиындықтарды еңсеру арқылы табады.

ALPHA | Qazaq Republic
IMAGE ALPHA | Qazaq Republic
«BUGIN EMES» – қиналған сәттерде өзімізге жиі айтатын сөз. Берілуге қашан да үлгересің, бірақ бүгін емес. Осы ән өзіне және арманына күмәнданып жүрген әрбір жанға демеу болса екен дедік».

- ALPHA -

Жаңа әнді барлық музыкалық платформалардан тыңдауға болады.

ALPHA | Qazaq Republic
IMAGE ALPHA | Qazaq Republic

Еске салайық, ALPHA тобы 2021 жылы Ерболат Беделханның Project X жобасы арқылы құрылған болатын. Ұжым QUPIYA, SENI OILAI және OSTIN BA сияқты хиттерімен тыңдарман ықыласына тез бөленді. 2022 жылы жігіттер BEU сыйлығының «Үздік ұжым» және Ticketon-ның «Жыл жаңалығы» аталымдарын жеңіп алды. Кейін еліміз бойынша екі рет жеке тур өткізіп, тек қазақстандықтарды ғана емес, АҚШ, Қытай және Польшадан келген жанкүйерлерді де жинады. Бүгінде топ ірі музыкалық фестивальдердің басты қонағы ретінде өнер көрсетіп, танымал брендтермен бірлескен жобаларды белсенді дамытып келеді.