Британдық Esquire журналына берген сұхбатында Том Холланд алғаш рет Зендеямен арадағы некесі туралы көпшілік алдында тіл қатты. Бұл әңгімеге әлеуметтік желілерде кең тарап кеткен, жасанды интеллект (ЖИ) арқылы жасалған вирус-фотосуреттер түрткі болды. Жалған суреттерде Холланд пен Зендея Комо көлінде өз үйлену тойларын тойлап жатқандай бейнеленген. Актердің әжесі бұл кадрларды шын көріп, өзін мерекеге шақырмады деп кәдімгідей ренжіп қалған көрінеді. Холландқа бұл суреттердің жай ғана жасанды интеллект арқылы жасалған фейк екенін және ешқандай тойдың болмағанын әжесіне ұзақ түсіндіруге тура келіпті.
Холланд іс-шараның егжей-тегжейіне тоқталудан бас тартып: «Бұл тақырып бойынша менен еститіндеріңіз осы ғана», – деп қысқа қайырды. Алайда ол Зендеяға деген сезімі мен оның өз өміріне тигізген әсері туралы ашып айтты. Актер өздерінің кәсібі үнемі күйзеліспен қатар жүретінін, ал қасындағы сүйіктісінің қолдауы мұны жеңуге көмектесетінін атап өтті.
«Біз бір-бірімізді ешкім түсінбейтіндей деңгейде қолдай аламыз, өйткені бұл өмірдің қандай екенін тек екеуіміз ғана шын түсінеміз. Мен өзімнің адамымды таптым. Ол – менің ең жақын досым, мен өмірімде ешқашан мұндай мықты қолдау мен қорғанысты сезініп көрмеппін», – деп ағынан жарылды актер.
Естеріңізге салсақ, жұп 2016 жылы «Өрмекші-адам: Қайта оралу» фильмінің түсірілім алаңында танысқан. Олардың атастырылғаны туралы қауесеттер 2025 жылдың қаңтарында, Зендея «Алтын глобус» рәсіміне гауһар тасты сақинамен
