Картинадағы оқиғалар топтаманың алғашқы фильмінен 24 жыл бұрын өрбиді. Басты назарда – 50-ші Аштық ойындары
12-ші Дистрикттен шыққан Хеймитч Эбернети туралы баяндайтын The Hunger Games: Sunrise on the Reaping фильмінің алғашқы трейлері көпшілікке ұсынылды.
Lionsgate студиясы түсірген бұл картинаның сюжеті франшизаның бірінші фильміндегі оқиғалардан 24 жыл бұрынғы кезеңді қамтиды. Басты назарда – жас Хеймитч Эбернети бақ сынаған 50-ші Ойындар.
Басты рөлдерді Джозеф Зада (Хеймитч), Эль Фаннинг (Эффи), Майя Хоук (Вайресс), Джесси Племонс (Плутарх Хэвенсби) және Рэйф Файнс (Кориолан Сноу) сомдап шықты.
Фильмнің режиссері міндетін Фрэнсис Лоуренс атқарды. Оның қоржынында The Hunger Games туындыларынан бөлек, Constantine, Water for Elephants, Red Sparrow және I Am Legend сияқты танымал картиналар бар.
