Нетфликстің Squid Game сериалының екінші маусымы сән, ойын, сұлулық және сусындар әлемін жаулап алды!
26 желтоқсанды күнтізбеңізге белгілеп алыңыз! Бұл күнге «Кальмар ойындарының» (Squid Game) екінші маусымының премьерасы белгіленген. Демек, әлем халқының назары тағы да Netflix-те болады. Сериалдың бірінші маусымы сәтті болғаны соншалық, жетістігі аңызға айналды. Ағылшынша емес, өзге тілде шыққан Netflix жобаларының арасында ең көп қаралым жинап, өз санатындағы үздік өнім атанды. Ал 2022 жылы үздік актёрлік номинациялар бойынша Алтын Глобус жеңіп алды.
Осы әсерлі премьера қарсаңында Netflix танымал сән, сұлулық және ойыншық брендтерімен ерекше коллаборация жасап, тіпті өзінің видео ойынын шығарып үлгерді. Ендеше біз соның ішіндегі ең ерекше бес серіктестікті назарыңызға ұсынамыз.
PUMA: спорттық стиль мен драманың тоғысуы
Енді Squid Game-нің қатысушысы болу үшін Оңтүстік Кореяға барудың қажеті жоқ. Puma өз коллекциясында сериалдың жасыл және қара түсті стильдерін қайталады. Трек-костюм, кроссовкалар — барлығы сізді сериал атмосферасына енуге шақырады.

Squid Game: Unleashed — видео ойын
Бейне ойын әуесқойлары үшін тамаша жаңалық! 17 желтоқсан күні Squid Game: Unleashed жарыққа шықты. Достарыңызбен бірге не жалғыз өзіңіз ойнап, виртуалды сынақтардан өтіңіз.
OLIVE YOUNG сұлулық бренді
Оңтүстік Кореяда сұлулық әлемінің үздігі OLIVE YOUNG Squid Game-нен шабыт ала отырып, ерекше коллекцияны ұсынды. 12 өнімнен тұратын тері күтімі мен сәндік косметика жинағы сериалдың екінші маусымымен қатар саудаға шығады.
MATTEL: коллекциялық қуыршақтар
Егер сіз ойыншықтар әлеміне қызықсаңыз, онда MATTEL бренді сізді бей-жай қалдырмасы анық! Little People Collector™ Squid Game және Monster High™ Skullector™ коллекциялары өздерінің эксклюзивтілігімен таң қалдырады. Ал Young-Hee қуыршағы коллекцияның жарқын жұлдызына айналғалы отыр!


Squid Game жанкүйеріне Johnnie Walker-дің бір шөлмегін сыйға тартыңыз
Бұл үрдістен тіпті әлемдегі ең танымал скотч вискиі де қалыспады. Бұл эксклюзивті виски бөтелкесінде сериал ойыншыларының нөмірлері бейнеленген, ал премьераға арналған арнайы Squid Game 456 Whisky Highball коктейлі кез келген кештің сәнін кіргізері сөзсіз. Жоба жанкүйері үшін мұндай сыйлық — баға жетпес қазына!

Squid Game жай сериал емес, жаһандық мәдени феноменге айналды. 26 желтоқсан жақындаған сайын, осы коллаборациялардың сән мен сұлулық әлемін дүр сілкіндірері анық сезіледі! Үздік маркетингілік шешім деп осыны айт.
