Lifestyle|Entertainment

Скриптонит әлемдік турнесін жариялады: гастроль тізімінде Алматы мен Астана да бар

АвторыTatler Kazakhstan
16.06.2026
Skryptonite ресми сайты
IMAGE Skryptonite ресми сайты
Қазақстандық рэпер әрі музыкалық продюсер Скриптонит ауқымды әлемдік гастрольдік сапарын бастайтынын мәлімдеді

Гастрольдік кесте әртістің ресми сайтында жарияланды. Тур аясында музыкант ТМД және Еуропа елдерінде өнер көрсетеді. Сапар тізіміне 16 қала кірген, олардың қатарында Барселона, Амстердам, Берлин, Вена, Прага және Еуропаның басқа да ірі сахналары бар.

Скриптониттің Instagram парақшасынан
IMAGE Скриптониттің Instagram парақшасынан

Тур 2027 жылдың 23 қаңтарында Кишиневте бастау алады. Одан кейін әртіс Еуропа қалаларында бірқатар концерт беріп, содан соң Қазақстандағы тыңдармандарымен қауышады.

Турдың қазақстандық бөлігі екі үлкен концертті қамтиды. 2027 жылдың 19 ақпанында Скриптонит елордалық Конгресс-орталық сахнасында өнер көрсетсе, ал 21 ақпанда Алматыдағы Almaty Arena алаңында тыңдармандарына ұмытылмас кеш сыйламақ.

Жаңа тур Скриптониттің соңғы бірнеше жылдағы ең ауқымды гастрольдік жобасы болмақ. Егер 2024-2025 жылдары музыкант негізінен жекелеген концерттер мен фестивальдік сеттерде өнер көрсетсе, енді ол толыққанды турнеге аттануға бел буып отыр.