Бұл оның мансабындағы үшінші мәрте иеленген мүсіншесі болғанымен, бұған дейінгі екі марапаты басты ер адам рөлдері үшін берілген болатын
Пол Томас Андерсонның «Битва за битвой» фильмінде ойнаған америкалық актер Шон Пенн «Үздік екінші пландағы актер» номинациясында жеңіске жетті.
Марапаттау рәсіміне қатыспаған актер үшін бұл мансабындағы үшінші «Оскар» болды. Бұған дейін «Таинственная река» (2004) және «Милк» (2009) фильмдеріндегі басты рөлдері үшін екі мәрте мүсінше алған Пенн биыл жаңа қырынан көрінді.
Шорт-листке енген Стеллан Скарсгард («Sentimental Value»), Бенисио дель Торо («Битва за битвой»), Делрой Линдо («Грешники») және Джейкоб Элорди («Франкенштейн») секілді мықты бәсекелестерінен озып шыққан Шон Пенн өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осы марапатпен бірге «Битва за битвой» картинасы бір кеште алты бірдей жүлдені иеленіп үлгерді.
