Қазақстандағы театр маусымы Ballet Globe халықаралық би фестивалімен өз шымылдығын ашады. 20 қыркүйекте «Астана Опера» сахнасында Мариин театры мен Америкалық балет театрының прима-балеринасы Диана Вишневаның қатысуымен «Шаһерезада» спектаклі қойылады. Ал 26 және 28 қыркүйекте бұл қойылымды алматылық көрермендер Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасынан тамашалай алады.
Николай Андреевич Римский-Корсаковтың аттас симфониялық сюитасының музыкасына қойылған «Шеһерезада» (өткен ғасырдың басында қазіргідей «Шахерезада» емес, «Шеһерезада» жазылуы кең таралған, және балет осы бастапқы атауын сақтап қалған) – «Мың бір түн» бағдарламасының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Оның хореографиясын XX ғасырдың классикалық романтикалық балетінің негізін қалаушы – Михаил Фокин сахналаған. Бағдарламаны сондай-ақ Фредерик Шопеннің музыкасына жазылған «Шопениана» бір актілі балеті толықтырады. Оның басты ерекшелігі сюжетсіздігі мен бишілердің әуеде қалықтағандай жатық қимылдарында жатыр.
Билеттерді осы сілтеме арқылы ала аласыз.
