BLACKPINK тобының мүшесі жаңа Tarantino трегі туралы хабарлады. Оның кімге арналғаны айтпаса да түсінікті. Туынды әйгілі режиссер Квентин Тарантиноның құрметіне жазылған. Бұл ән әншінің 23 қазанда жарық көретін Press Play атты шағын альбомының құрамына енеді.
Жаңа жинақ алты әннен тұрады. Олардың қатарында осыған дейін шығып, Billboard Hot 100 чартында бірден топ жарған SaWaDiKa лид-синглі де бар. Tarantino әнінің мұқабасында Лиса шеңбердің ішінде тұрған қызыл конверттің артына тығылып, жүзін жасырып тұр. Ал тректің тизерінде ол «Got my nails really long like the barrel of my gun and my lipstick all over your face» деген жолдарды оқиды. Әнші бұл үзіндіні «It's a movie, baby, come and press play» деген сөздермен аяқтайды.

Лиса Billboard және iHeartRadio басылымдарына берген сұхбатында бұл альбомды бастан-аяқ біртұтас кинематографиялық туынды ретінде жоспарлағанын айтты. Ондағы алты әннің әрқайсысы әншінің ішкі жан дүниесі мен мінезінің жаңа бір қырын ашып көрсетеді.
Бұл релиз әншінің мансабындағы бірнеше ірі оқиғамен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған дейін Лиса VMA 2026 марапатында Best Pop номинациясының жеңімпазы атанған болатын. Сонымен қатар қазір әлемдік кинотеатрларда оның Always Lalisa атты жеке деректі фильмі көрсетіліп жатыр. Ал қараша айында Лиса Лас-Вегастағы The Colosseum at Caesars Palace сахнасында ауқымды концерттер легін бастайды. Мұнымен қоса ол Nike Moon Shoe кроссовкасының жаһандық жарнамалық науқанының басты бейнесіне айналды. Айта кетейік, бұл аяқкиім – Nike-тың негізін қалаушылардың бірі Билл Бауэрман 1971 жылы жасаған, әйгілі «вафли» табанды үлгі.
