Lifestyle|Entertainment

«Сентиментальная ценность» фильмі «Оскар» мүсіншесін иеленді

АвторыTatler Kazakhstan
16.03.2026
«Сентиментальная ценность» фильмінен көрініс
IMAGE «Сентиментальная ценность» фильмінен көрініс
Бұл – Норвегия тарихында Оскар жеңіп алған алғашқы туынды

Йоаким Триердің «Сентиментальная ценность» («Sentimental value») фильмі «Үздік халықаралық фильм» санатында «Оскар» жүлдесін алды.

Бұл туынды – Америка киноакадемиясы «Үздік халықаралық фильм» ретінде таныған алғашқы норвегиялық картина. Канн кинофестивалінің Гран-при жүлдесінен бастап, биылғы марапаттау маусымының көшбасшысына айналған отбасылық қарым-қатынастар туралы скандинавиялық драмада Стеллан Скарсгард, Эль Фаннинг және Инга Ибсдоттер Лиллеос сияқты актерлер ойнайды. Айта кетерлігі, Скарсгард биыл «Екінші пландағы үздік актер» аталымына да ұсынылған болатын, бірақ бұл бәсекеде Шон Пеннге жол беріп қойды. Сондай-ақ Эль Фаннинг пен Инга Ибсдоттер Лиллеос «Екінші пландағы үздік актриса» санатында бақ сынағанымен, жеңіс «Орудия» фильмінде өнер көрсеткен Эми Мэдиганның қанжығасына кетті.

Ал биылғы жылдың үздік фильмі ретінде АҚШ киноакадемия мүшелері «Битва за битвой» туындысын таныды. Картина жалпы саны алты «Оскар» мүсіншесін жеңіп алды. Сонымен қатар бұл жоба Пол Томас Андерсонға үздік режиссер ретінде алғашқы алтын мүсіншені алып келді.