David Garrett
- Қашан: 2 сәуір 2026, 20:00
- Қайда: Республика сарайы
- Бағасы: 25 000 – 160 000 тг.
Аңызға айналған скрипкашы Дэвид Гарретт жаңа әлемдік турнесімен Алматыға қайта оралады. Моцарттан бастап Metallica-ға дейінгі классика мен роктың бірегей үйлесімін тыңдауға таптырмас мүмкіндік. Көрермендерді Страдивари скрипкасында орындалатын классикалық туындылар мен рок-хиттердің қуатты энергиясы мен ерекше харизмасы күтіп тұр.
J.Kim Almaty pop-up
- Қашан: 3–5 сәуір 2026
- Қайда: Dunie кеңістігі
- Бағасы: тегін
Алматыда қазақстандық J.Kim брендінің уақытша көрме-дүкені ашылады. Қонақтар Орталық мемлекеттік музейде таныстырылған жаңа Quroq топтамасының бұйымдарын киіп көре алады. Бұл – отандық сән әлемімен жақын танысып, бірегей киімдер табуға тамаша мүмкіндік.

Ne Prosto Orchestra. Korean Dramas
- Қашан: 5 сәуір 2026, 19:00
- Қайда: Республика сарайы
- Бағасы: 11 500 – 29 000 тг.
Ne Prosto Orchestra симфониялық оркестрі танымал корей дорамаларының саундтректерін ұсынады. Бағдарламада «Гоблин», «Мұрагерлер», «Күн ұрпақтары» сияқты хит туындылардың музыкасы, сондай-ақ BTS тобының Black Swan композициясы бар. Жанды дауыстағы оркестр, хор және видеожазбалар көрерменді корей мәдениетінің атмосферасына толықтай бөлейді. Жас шектеуі: 7 жастан бастап.
Hollywood Soundtracks
- Қашан: 11 сәуір 2026, 19:30
- Қайда: SmArt.Point
- Бағасы: 6 000 – 12 000 тг.
Камералық ансамбль әлемдік киноның жауһарлары: «Интерстеллар», «Кариб теңізінің қарақшылары», «Гладиатор», «Шиндлердің тізімі» және өзге де фильмдердің культке айналған музыкаларын орындайды. Cinema Lab жобасы жанды музыка мен визуалды бейнелерді ұштастыра отырып, кино әлеміне терең бойлауға мүмкіндік береді.
Tynda Music. The Music of Hans Zimmer
- Қашан: 12 сәуір 2026
- Қайда: Республика сарайы
- Бағасы: 8 000 теңгеден бастап
Ұлы композитор Ханс Циммердің музыкасы симфониялық оркестр мен хордың орындауында шырқалады. Бағдарламада «Интерстеллар», «Арыстан патша», «Inception» және «Қара сері» (The Dark Knight) фильмдерінің саундтректері орындалмақ.

Deep Purple
- Қашан: 22 сәуір 2026, 20:00
- Қайда: Almaty Arena
- Бағасы: 48 000 – 183 000 тг.
Британияның аңызға айналған Deep Purple рок-тобы Алматыда жанды дауыста концерт береді. Бұл – жылдың ең көп күтілген музыкалық оқиғаларының бірі. Жанкүйерлер үшін аңызға айналған хиттерді тыңдап, рок-музыка тарихының бір бөлшегіне айналуға бірегей мүмкіндік туып тұр.
Loboda
- Қашан: 25 сәуір 2026, 20:00
- Қайда: Halyk Arena
- Бағасы: 30 000 – 50 000 тг.
Әнші LOBODA өзінің үлкен жеке концертін ұсынуда. Көрермендерді жанды дауыс, жарқын визуалды әсерлер мен сүйікті хиттерге толы ауқымды шоу күтіп тұр.
Best of Ne Prosto Pop
- Қашан: 30 сәуір 2026
- Қайда: Республика сарайы
- Бағасы: от 12 000 теңгеден бастап
Prosto Orchestra ұсынған трибьют-шоу – 2000-жылдардағы поп-хиттердің симфониялық нұсқадағы жаңа тынысы. Бағдарламада Бритни Спирс, Адель, Рианна, Эд Ширан және өзге де әлемдік жұлдыздардың әндері орындалады. Сахнада 60-тан астам музыкант, жанды оркестр, хор және солистер өнер көрсетеді.
