54-ке қараған шағында танымал актер Мұрат Бисенбин өмірден озды. Қаралы хабарды актердің қызы Instagram парақшасында жариялап, әкесімен қоштасу жазбасын қалдырды.
Бұған дейін хабарланғандай, актер бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық дертпен күресіп, жақында ғана инсульт алған болатын. Соңғы кездері әріптестері мен жақындары оның денсаулығына қатты алаңдаушылық білдірді. Мәселен, актер Жан Байжанбаев Бисенбиннің жағдайы күрт нашарлап кеткенін көпшілікке жеткізген еді.
Мұрат Бисенбин қазақстандық «Рэкетир» атты культтік фильмдегі рөлі арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленді. Оның шығармашылық қоржынында «Рывок», «Томирис», «Брат или брак – 2» және «Сказ о розовом зайце» сияқты маңызды туындылар бар. Сонымен қатар, актер теледидар кеңістігінде де сұранысқа ие болып, «Ағайындылар», «13-я клиническая» және «Пацанские истории» секілді танымал сериалдарға түсті
