Lifestyle|Entertainment

Қысқы ертегі: Алматының ең әсем мұз айдындарына шолу

Автор Tatler Kazakhstan
02.01.2026
Haragun Ice Club | Фотосуретші: Рано Жакупова
IMAGE Haragun Ice Club | Фотосуретші: Рано Жакупова
Назарларыңызға достарыңызбен және отбасыңызбен ұмытылмас уақыт өткізуге болатын қаланың ең жайлы мұз айдындарын ұсынамыз

Esentai Square Ice Rink

Мерекелік шамдары жарқыраған заманауи мұз айдыны Esentai Mall-дың дәл іргесінде орналасқан. Мұзда сырғанап болған соң, жақын маңдағы дәмханада ыстық шоколад ішуге немесе киноға баруға болады.

Жұмыс кестесі:

10:00–12:00 | 12:30–14:30 | 15:00–17:00 | 17:30–19:30 | 20:00–22:00

Билет құны:

Ересектер үшін – 5 000 ₸

Балалар билеті (7–16 жас) – 2 500 ₸

Отбасылық билет (2 ересек + 1 бала, кіру + коньки) – 14 000 ₸

Алты жасқа дейінгі балалар үшін кіру – тегін

Конькиді жалға алу – 2 500 ₸

Esentai Mall: 50 000 ₸ сомасынан жоғары чегі бар сатып алушылар үшін кіру тегін (2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қабылданады).

Villa Ice Rink

Villa Boutiques & Restaurants аумағындағы қаланың ең көрікті мұз айдындарының бірі. Жаңартылған мұз, гирляндалардың жылы сәулесі мен ыстық сусындардың хош ісі ерекше жайлылық сыйлайды. Сырғанаудан соң Astra мейрамханасына бас сұғып, жая қосылған оливьеден дәм татуды ұсынамыз.

Жұмыс кестесі:

Жұмыс күндері

12:00–13:30 | 14:00–15:30 | 16:00–17:30 | 18:00–19:30 | 20:00–22:00

Демалыс күндері

10:00–12:00 | 12:30–14:00 | 14:30–16:00 | 16:30–18:00 | 18:30–20:00 |20:30–22:30

Билет құны:

Ересектер үшін – 3 000 ₸, балалар үшін – 2 000 ₸

Төрт жасқа дейінгі балалар үшін кіру – тегін

Конькиді жалға алу – 2 000 ₸

Dostyk Plaza ауласындағы мұз айдыны

Қаланың қақ ортасында, Dostyk Plaza фуд-кортына жақын жерде орналасқан. Мұнда бәрі қолжетімді: тоңып қалсаңыз, бірден жылы шәлі сатып алуға, ащы том-яммен жылынуға немесе кешті кинотеатрда аяқтауға болады.

Жұмыс кестесі:

10:00–12:00 | 12:30–14:30 | 15:00–17:00 | 17:30–19:30 | 20:00–22:00 | 22:30–00:30 (демалыс пен мереке күндері)

Жұмыс күндері – 10:00–22:00

Демалыс күндері – до 00:30

Билет құны:

Кіру – 3 000 ₸

Конькиді жалға алу – 2 000 ₸

28 панфиловшылар паркіндегі мұз айдыны

Саябақтағы серуенді сырғанаумен ұштастыруға тамаша мүмкіндік. Әсіресе, кешкі уақытта Вознесенск соборының арайлы шұғыласымен мұз айдыны ерекше құлпыра түседі. 

Жұмыс кестесі:

Жұмыс күндері – 10:00–22:00                                                                        

Демалыс пен мереке күндері – 10:00–23:00

Билет құны:

Өз конькиіңізбен кіру – тегін

Конькиді жалға алу – 1 500 ₸

Haragun Ice Club 

Ипподром аумағында орналасқан қала сыртындағы бұл мұз айдыны өзіндік қайталанбас сезімге бөлейді. Мұндағы таудың таза ауасы, асқақ шыңдардың көрінісі мен айдын ортасындағы шырша ертегі әлемін еріксіз еске түсіреді. Сырғанап болған соң, шоколад қосылған ыстық чурроспен дәмденіп, сәйгүліктердің жаттығуын тамашалауға болады.

Жұмыс кестесі:

10:00–12:00 | 13:00–15:00 | 16:00–18:00 | 19:00–22:00 

Билет құны:

Ересектер үшін – жұмыс күндері 4 000 ₸, демалыс күндері 6 000 ₸;

12 жасқа дейінгі балалар үшін – жұмыс күндері 2 000 ₸, демалыс күндері 3 000 ₸ 

Конькиді жалға алу қызметі бар.