Lifestyle|Entertainment

Қыркүйек айының басты кинопремьералары

АвторыВиолетта Тельманова
28.08.2026
«Турбулентность» фильмінен кадр, 2026 | ASCAR Cinema баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE «Турбулентность» фильмінен кадр, 2026 | ASCAR Cinema баспасөз қызметінің мұрағатынан
Хоррорлар кино нарығын жаулап жатыр, бірақ анимация мен суперқаһармандарға да орын табылады

Биылғы жаз ірі кинопремьераларға толы. Дегенмен күздің басы да қызықсыз өтпейтін сыңайлы. Иә, Marvel жанкүйерлері үшін қыркүйек айы соңғы жылдардағы ең үлкен түйіндердің бірін шешіп бермек. Бірақ «Мстители» фильмінен бөлек те көруге тұрарлық дүниелер жетерлік.

«Во власти страха»

Шығу уақыты: 3 қыркүйек

Антонио Бандерас пен Лора Морано ойнайтын экшн-триллер. Бес дос дайвингпен айналысып, ақ акулаларды көру үшін демалысқа аттанады. Қайыққа қатыгез әрі айлакер контрабандашы мінген кезде, экстремалды демалыс өліммен арпалысқа ұласады.

«Крипипаста: Синий малыш»

Шығу уақыты: 3 қыркүйек

Хоррор Baby Blue интернет-қорқынышына негізделген. Ол әлеуметтік желідегі вирустық ритуалды нағыз толықметражды қорқынышты фильмге айналдырады. Backrooms фильмінен кейін үлкен киноға тағы бір интернеттегі үрейлі аңыз (крипипаста) жол тартқан сыңайлы. Фильм кейіпкерлері «Көк сәбидің» рухын шақырамыз деп, қандай қауіпті ойынға кіріскендерін өздері де байқамай қалады.

«Тайная жизнь вещей»

Шығу уақыты: 3 қыркүйек

«Шоу Трумана» мен «Гаттака» режиссері Эндрю Никкол түсірген отбасылық фэнтези. Басты кейіпкер кондиционерден бастап көлікке дейін барлық заттан күлкілі бейнелерді көреді. Сөйтіп балақай оятқышпен, қалайы құтымен және қағаз пакетпен дос бола бастайды. Бұл оның өгей әкесіне ұнамай, ол заттарды қоқысқа тастауды ұйғарады. Әрине, балақай ескі достарын қалай да құтқарып қалуға тырысады.

«Астрал. Шепот призрака»

Шығу уақыты: 10 қыркүйек

Мистикалық хоррор азиялық жанрдың ең өтімді элементіне иек артады. Ол жабық кеңістік, бір топ кейіпкер және тылсым қауіп. Су-а 25 жасын атап өту үшін достарымен аралға барады, бірақ мереке нағыз сұмдыққа айналады. Жазытайым оқиғадан кейін тірі қалғандар қараңғылықтың тылсым күштерімен бетпе-бет келіп, аралда не оянғанын анықтауы тиіс.

«Турбулентность»

Шығу уақыты: 10 қыркүйек

Жас ерлі-зайыпты Зак пен Эмми қарым-қатынастарын жаңарту үшін Италиядағы Доломит Альпісі үстінен әуе шарымен саяхаттауға шешім қабылдайды. Бірақ ұшар алдында нұсқаушымен бірге оларға бейтаныс жолаушы қосылады. Оның келуі романтикалық шытырман оқиғаны биіктіктегі өмір үшін күреске айналдырады.

«Надежда»

Шығу уақыты: 10 қыркүйек

Канн кинофестиваліндегі премьерадан кейін алты минуттық қошеметке ие болған фильм. Шағын қалашықтың тұрғындары айналада жұмбақ жаратылыс пайда болған кезде белгісіз қауіпке тап болады. Басты рөлдерде оңтүстіккореялық актер Хван Джон-мин мен «Игра в кальмара» жұлдызы Чон Хо-ён, сондай-ақ Майкл Фассбендер мен Алисия Викандер ойнайды.

«Собачьи звезды»

Шығу уақыты: 17 қыркүйек

Постапокалиптикалық романның адаптациясы Хиг есімді бұрынғы ұшқыш туралы баяндайды. Ол әйелі мен барлық жақынынан айырылған, қазір жанында тек иті мен мінезі қатал, бұрынғы солдат кісі бар. Вирус адамзаттың басым бөлігін жойып жіберсе де, өмір үшін күрес жалғасуда. Басты рөлдерде Джейкоб Элорди, Джош Бролин, «Субстанция» жұлдызы Маргарет Куолли және Эллисон Дженни бар.

«Хитрый койот»

Шығу уақыты: 17 қыркүйек

Бала күнімізден таныс «Луни Тюнз» мультфильміндегі әйгілі Хитрый Койот енді адамдар арасына тап болады. АКМЕ корпорациясының сәтсіз өнертабыстарынан зардап шегіп, Жылдам құсты (Дорожный Бегун) ұстай алмай әбден шаршаған ол компанияны сотқа береді. Осылайша мәңгілік қуаласпақ ойыны нағыз сот комедиясына ұласады. Анимация мен ойын киносының гибридінде персонаждарды Джон Сина, Уилл Форте және Лана Кондор сомдады. Ал Сина қатыгез корпоративтік заңгер рөлінде көрінеді.

«7 Қарақшы»

Шығу уақыты: 24 қыркүйек

Қуаныш Бейсектің жаңа киносы. Картина кәсіби әрі текті қарақшы болып өскен балалар үйінің үш тәрбиеленушісі туралы баяндайды. 1978 жылы Алматыдағы кезекті істен кейін оларды «7 Қарақшы» құпия ұйымы өз қатарына тартады. Мақсат Семей полигонындағы қауіпті сынақтарды тоқтату еді.

«Мстители: Финал» ұзартылған нұсқасы

Шығу уақыты: 24 қыркүйек

Бұл айдың ең ірі премьерасы екені сөзсіз. Мстители командасының тірі қалған мүшелері мен олардың одақтастары құдіретті титан Таностың жойқын әрекеттеріне қарсы тұруға көмектесетін жаңа жоспар құруы тиіс. Тарихтағы ең ауқымды әрі қайғылы шайқастан кейін олардың қателесуге құқығы жоқ.