Netflix-тің жұлдыз жорамалға байланысты Your Zodiac Watchlist атты жаңа бөлімі туралы баяндаймыз
Астрологияға қызығатын кез келген адамға Netflix-тің Your Zodiac Watchlist атты жаңа бөлімі ұнайтыны сөзсіз. Мұнда жұлдыз жорамал белгілері туралы стереотиптерге негізделген фильмдер мен сериалдар топтамасы ұсынылған. Мысалы, Арыстандарды «сенімді, жомарт әрі адал», ал Егіздерді «көпшіл әрі көңілді« деп санайды. Оларға арналған топтамалар да осыған сәйкес келеді: Арыстандарға басты кейіпкерге баса назар аударатын фильмдерді, ал Егіздерге достық туралы хикаяларды көруге кеңес беріледі. Компания көрерменге таңдау жасауға көмектесу үшін барлығын жасап жатқан сияқты. «Мұндай тақырыптық топтамалар уақытылы жаңа әрі көңілді дүниелерді ұсынып отыруы тиіс», – дейді стримингтік сервистің өкілдері. Netflix әрбір жұлдыз жорамал белгісіне қандай фильмдерді көруге кеңес беретінін назарларыңызға ұсынамыз. Сонымен:
Қошқар – «Игра в кальмара», «Каос»;
Торпақ – «Бабули», Mamma MIA!;
Егіздер – «Бриджертон», «Секс в большом городе»;
Шаян – «Гилмор қыздары», «Грэйдің анатомиясы»;
Арыстан – «Эмили в Париже», «Корона»;
Бикеш – «Ход королевы», «Иллюзия обмана»;
Таразы – Peaky Blinders, Озарк;
Сарышаян – «Уэнздей», «You»;
Мерген – «Ведьмак», «Парк юрского периода»;
Тауешкі – «Форс-мажоры», «Отдел нераскрытых дел»;
Суқұйғыш – «Очень странные дела», «Веном: Последний танец»;
Балықтар – «День сурка», «Звезда родилась».
