2022 жылы көрерменге жол тартқан отандық «Таргет» сериалы аудиториясын кеңейтіп жатыр: Unico Play Originals жобасының алғашқы маусымы енді Amazon Prime Video платформасында қолжетімді. Айтпақшы, жақында ғана бұл оқиғаның жалғасы да шықты – қазан айында START платформасында екінші маусымның тұсаукесері өтті.
«Таргет» жасөспірімдер драмасы, мистика мен технологиялық триллердің басын қосады. Сюжет бойынша басты кейіпкер, жоғары сынып оқушысы Марк әлеуметтік желілерде болашақты болжайтын тылсым жарнамаларға кезіге бастайды. Достарымен бірге ол осы жұмбақ хабарламалардың артында кім тұрғанын, оқиғалар барысына ықпал етуге бола ма, соны анықтауға тырысады. Бұл фантастикалық оқиғаның астарында қазіргі қоғам үшін өте өзекті сұрақ жатыр: цифрлық алгоритмдер бізді қаншалықты жақсы біледі, ыңғайлы жекелендіру қай жерде аяқталып, қорқынышты бақылау қай жерде басталады?

Сериалда Михаил Сотников, Аида Құрманғалиева, Аңсар Ілиясов, Радион Кан, Алина Ким және басқа да актерлер ойнайды.
«Таргет» – Amazon Prime Video каталогына енген алғашқы қазақстандық сериал емес. Бұған дейін осы платформада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жобасы шыққан еді. Ал толықметражды фильмдерден платформада режиссер Айсұлтан Сейітовтің «Қаш» (Qas, 2022) тарихи драмасын жалға алуға немесе сатып алуға болады.
