Lifestyle|Entertainment

Қазақстандық актриса Аянат Есмағамбетова «Алтын глобус» қызыл кілемінде бой көрсетті

Автор Tatler Kazakhstan
12.01.2026
Аянат Кісенбай Беверли-Хиллзде өткен 83-ші «Алтын глобус» салтанатты марапаттау рәсімінде, Калифорния, 11 қаңтар 2026 жыл | Getty Images
IMAGE Аянат Кісенбай Беверли-Хиллзде өткен 83-ші «Алтын глобус» салтанатты марапаттау рәсімінде, Калифорния, 11 қаңтар 2026 жыл | Getty Images
11 қаңтарда Лос-Анджелесте 2026 жылдың алғашқы ірі кинопремиясы – 83-ші «Алтын глобус» салтанаты өтті. Қызыл кілемдегі ең есте қаларлық сәттердің бірі қазақстандық актриса Аянат Есмағамбетованың шығуы болды

Аянат көпқабатты мөлдір тюльден тігілген қызыл көйлек пен жабосы бар ақ блузка киіп, белін көк белбеумен буып, әсерлі қалпақпен толықтырған. Бұл бейне оның АҚШ-тың 250 жылдығына арналған «Lady America» атты жаңа фильміндегі образынан алынған. 2025 жылдың соңында Америкада түсірілген бұл туындыда Аянат басты рөлді сомдап, жақсылық пен жамандық арпалысқан заманда елдің басын біріктіретін қайратты әйелдің бейнесін сомдады. Актерлік шеберлігінен бөлек, ол костюм бойынша суретші ретінде де өнер көрсетіп, картинадағы барлық киім үлгілерін өз қолымен жасап шыққан. Фильм премьерасы АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай, 4 шілдеде Американың барлық кинотеатрларында өтеді деп жоспарлануда.

Аянат Есмағамбетова мектеп қабырғасында жүріп-ақ «Көшпенділер» (2005) блокбастерінде басты рөлді ойнап, танымал болған еді. Қазіргі таңда ол АҚШ-та тұрып, өзінің Ayanat Skincare атты косметикалық брендін ілгерілетумен айналысуда. 2024 жылы актриса «Mannequin» драмасына түсіп, жақындарынан айырылып, манекен денесіне қамалып қалған әйелдің тағдырын шебер бейнелеген болатын.

«Көшпенділер» фильмінен кадр, 2005 жыл | Кинопоиск
IMAGE «Көшпенділер» фильмінен кадр, 2005 жыл | Кинопоиск