Lifestyle|Entertainment

Қазақстан балетінің аты аңызға айналған тұлғасы Эдуард Мальбеков өмірден өтті

АвторыTatler Kazakhstan
20.08.2026
Эдуард Мальбеков | ҚР МАМ
IMAGE Эдуард Мальбеков | ҚР МАМ
Балетмейстер әрі Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Эдуард Мальбеков 1941 жылы Алматыда дүниеге келген. Жиырма жылдан астам уақыт бойы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі болды. Оның шығармашылық мұрасы сахнадағы жарқын бейнелердің тұтас галереясын құрайды: ол «Спартак» балетіндегі Красс, «Аққу көліндегі» зұлым Ротбарт, «Жар-птицадағы» Ажалсыз Кащей және «Щелкунчик» балетіндегі жұмбақ Дроссельмейер партияларын шеберлікпен орындады.

Орындаушылық карьерасын аяқтаған соң, Мальбеков Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін басқарып, бишілердің жаңа буынын тәрбиелеуге бар ғұмырын арнады. Балетмейстер-қоюшы ретінде ол оқу орнының репертуарына берік енген «Половецкие пляски» биінің өзіндік нұсқасын сахналады.

Әртістің жоғары шеберлігі мемлекеттік марапаттармен еленді. 1973 жылы Эдуард Мальбековке Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. Ол сондай-ақ «Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Театр ұжымы, шәкірттері мен балет сүйер қауым қазақстандық хореография аңызының қазасына байланысты қайғыра көңіл айтады.