Lifestyle|Entertainment

Qazaq-maxxing: британдық басылымдар dudeontheguitar туралы жаза бастады

АвторыВиолетта Тельманова
18.11.2026
dudeontheguitar | Фотограф: Нұрғали Даниял
IMAGE dudeontheguitar | Фотограф: Нұрғали Даниял
«qonaqta» әніне түсірілген клип ағылшын тілінде жүздеген жылы пікір жинап, әйгілі Dazed журналының аптадағы үздік бес жаңалығының қатарына енді

Бір апта бұрын, 12 қарашада qazaq indie лейблінің қоржыны dudeontheguitar-дың «qonaqta» атты жаңа әнімен толықты. Бұл туындыда музыкант бір қарағанда мүлдем үйлеспейтін екі көңіл-күйді шебер тоғыстырған: 2-step UK garage стиліндегі серпінді би ырғағы мен қазақ тіліндегі терең ойлы, әуезді орындау бір-бірімен тамаша үйлесім тапқан.

dudeontheguitar | Фотограф: Нұрғали Даниял
IMAGE dudeontheguitar | Фотограф: Нұрғали Даниял

Әннің басты ойы оның атауында жатыр – бәріміз де бұл өмірге аз ғана уақытқа келген қонақпыз. Осы пайымға сүйене отырып, орындаушы әр сәттің өткінші екенін, жан дүниедегі сәулені және күнделікті күйбеңде құнын жоғалтпайтын дүниелерді сөз етеді. Ол қандай жағдайда да өз болмысынан айнымай, артық ақпараттық шудан арылып, бос әңгімеге уақыт кетірмей алға жылжудың маңызын еске салады.

Фотограф: Нұрғали Даниял
IMAGE Фотограф: Нұрғали Даниял

Әнмен бірге оның бейнебаяны да жарық көрді. Визуалды бөлігін бұл жолы да режиссер Тұрар Тұмарбек қолына алыпты. Бұған дейін ол dudeontheguitar-дың «Barajatr», «bilegim kep tur» және «obal oilar-ai» тректеріне клип түсірген еді.

«Мен кадрда Орталық Азияның күнделікті өмірінен алынған, бәрімізге етене таныс әрі шынайы бейнелерге сүйенгім келді. Біздің өңірдің көрермені бұдан өзіне жақын дүниені, күнде көріп жүрген өмірді таниды, ал әлем жұртшылығы үшін бұл мүлдем жаңа көрініс болады. Кадрда ұлттық бояуды сақтап, бейнелі тіл арқылы өз халқымның эстетикасын көрсету мен үшін өте маңызды».

- Тұрар Тұмарбек -

Фотограф: Нұрғали Даниял
IMAGE Фотограф: Нұрғали Даниял

Бір қызығы, бейнебаянның астында ағылшын тілінде пікір қалдырғандар өте көп. Шамамен 860 пікірдің тең жартысына жуығы шетелдіктерден келген, әрі олардың басым бөлігі бұл жұмысқа тамсанып жазыпты.

No idea what this song is about. But AWESOME thanks for the hardwork!!!

- @ReiKawas -

Фотограф: Нұрғали Даниял
IMAGE Фотограф: Нұрғали Даниял

Көп ұзамай мұның себебі де белгілі болды. Сөйтсек, жаңа туындыға әйгілі британдық Dazed басылымы назар аударыпты. Артистің су жаңа әні журнал таңдаған аптаның үздік бес музыкалық жаңалығының қатарына кірген.

«Әлем Qazaq-maxxing трендіне әбден пісіп-жетілді. Сондықтан дәл қазір алматылық жарқын инди-поп орындаушы dudeontheguitar-мен танысудың ең қолайлы сәті. Ол көп ұзамай үлкен жұлдызға айналары сөзсіз».

- делінген мақалада -

Фотограф: Нұрғали Даниял
IMAGE Фотограф: Нұрғали Даниял
Фотограф: Нұрғали Даниял
IMAGE Фотограф: Нұрғали Даниял
Фотограф: Нұрғали Даниял
IMAGE Фотограф: Нұрғали Даниял

Басылымның музыкалық редакторы Соломон Пейс-Маккаррик dudeontheguitar-мен қатар Drain Gang бірлестігіндегі швед әртісі Ecco2K мен ирландиялық рэпер earfzilla-ның жаңа әндерін де атап өтті. Айтпақшы, Dazed қазақстандық музыканттарды бұрыннан бақылап келеді. Мәселен, өткен жылдың қазан айында осы платформада SAMRATTAMA-мен ауқымды сұхбат жарияланған болатын.