«Джордж Майкл: The Faith Tour»
реж. Д. Остин, Э. Морахэн, кинода 5 қарашадан бастап
Джордж Майклдың 1988 жылғы атышулы гастролінің қайта өңделген бұл бейнежазбасы көрерменді бірден Париждегі спорт сарайына апарады. Еуропалық тур кезінде түсірілген бұл ерекше кадрлар түпнұсқа 35-мм таспадан мінсіз етіп қалпына келтірілген.
«Күлпәш»
реж. А. Сатаев, кинода 11 қарашадан бастап
Ақан Сатаевтың бұл тарихи туындысы көрерменді өткен ғасырдың басындағы ашаршылық жайлаған қазақ даласына апарады. Зұлмат қысқан шақта күйеуі мен ұлын ажалдан арашалап қалу үшін Күлпәш есімді әйел амалсыздан бай шалдың етегінен ұстап, жақындарына жасырын тамақ тасиды. Картина тұтас бір халықтың басына түскен қасірет арқылы ананың шексіз махаббаты мен жанқиярлығын тереңінен суреттейді.
«Айтматов»
реж. К. Калматов, кинода 12 қарашадан бастап
Әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың ішкі жан дүниесіне үңілген бұл драма оның шетелдегі еркіндік пен туған жерге деген махаббат арасындағы арпалысын көрсетеді. Өз әкесінің тағдыры мен балалық шағын еске алған классик тарихи тамырынан үзілген адамның түбінде жүйенің соқыр құлына – мәңгүртке айналатынын ұғынады.
«Скрудж»
реж. Т. Уэст, кинода 12 қарашадан бастап
Чарльз Диккенс шығармасының жаңа готикалық нұсқасы көрерменді тұманды Лондон көшелеріне жетелейді. Фильм жұлдызды құрамымен де ерекше: Джонни Депп Голливудқа қайта оралады, ал Руперт Гринт ұзақ үзілістен соң үлкен экранда бой көрсетеді. Олардың қатарын Иэн Маккеллен, Сэм Клафлин және Дейзи Ридли толықтырып тұр.
«Плетеный муж»
реж. А. Х. Фишер и Э. Уилсон, кинода 12 қарашадан бастап
Көршілерінің сөзінен қажыған жалғызбасты балықшы әйел шеберге талдан күйеу жасап беруге қолқа салады. Оның жансыз мүсінге деген күтпеген сезімі ауыл адамдарының ашу-ызасын тудырып, оқиға эротикалық астары бар жұмбақ та еліктіргіш хикаяға ұласады. Авторлар әйел жалғыздығының психологиясын аша отырып, қараңғы ертегі мен триллерді шебер ұштастырған.
«Психопатка»
реж. З. Уигон, кинода 12 қарашадан бастап
Оқшауланған зәулім үйге гувернантка болып орналасқан мінезі қызық Уинифред Ноттидің хикаясы қара комедия жанрында өрбиді. Өзін ақыл-есі түзу, салиқалы жанмын деп санайтын кейіпкердің шын мәнінде бөтен отбасыға кіріп алуды көздейтін қанішер екені белгілі болады. Сценарийінің тапқырлығымен ерекшеленген туынды Канн фестивалінде де жоғары баға алды.
«Увидеть все»
реж. Н. Филдер и Л. Оппенгейм, кинода 19 қарашадан бастап
Атышулы Theranos компаниясының негізін қалаған жас миллиардер Элизабет Холмстың қалай құрдымға кеткенін баяндайтын деректі фильм. Түрмеге қамалар алдында ол комик Нэйтан Филдердің түсірілім тобына үйінің есігін ашып, өз өмірін үш жылдық сюрреалистік перформансқа айналдырады. Толық құпиялықта таспаланған бұл туынды қазірдің өзінде киносыншылар тарапынан Оскар сыйлығының басты үміткері ретінде аталып отыр.
«Новые похождения Клиффа Бута»
реж. Д. Финчер, кинода 25 қарашадан бастап
Квентин Тарантиноның танымал кейіпкері – каскадер Клифф Бут бұл жолы 1977 жылғы Лос-Анджелестегі Голливуд студияларының көлеңкелі істерін реттеуші ретінде көрінеді. Режиссер Дэвид Финчер өзінің сүйікті нео-нуар стиліне оралып, көрерменді жетпісінші жылдардағы киноиндустрияның бұқарадан жасырын әлеміне жетелейді.
Kindik
реж. Д. Төлегенов, кинода 26 қарашадан бастап
Пусан кинофестивалінде топ жарған Дамир Төлегеновтің бұл туындысы балаға деген соқыр махаббаттың адамды қандай шектен шығаратынын баяндайды. Түнгі төбелестен соң кісі өлтірді деп айыпталған жасөспірімдердің бірінің анасы ұлын ақтап алу үшін бәріне дайын. Тергеу қысымына шыдамаған ол барлық адамгершілік шекарасын бұзып, аналық түйсігін жойқын күшке айналдырады.
«Любовь моя»
реж. Р. Сорогойен, кинода 26 қарашадан бастап
Аралары үзілгеніне 13 жыл болған қызымен қарым-қатынасты түзегісі келген режиссер Эстебан оған жаңа фильмінен басты рөл береді. Бірақ түсірілім алаңы бір-біріне ең жақын әрі мүлдем жат екі адамның психологиялық соғысына айналып кетеді. Хавьер Бардем мен Виктория Луэнгоның шебер ойыны көрерменді еріксіз арбап, экрандағы ауыр шиеленісті тұла бойымен сезінуге мәжбүрлейді.
«Рокки – это я»
реж. П. Фаррелли, кинода 26 қарашадан бастап
Жас Сильвестр Сталлоненің өмір жолына арналған бұл байопик оның кинодағы алғашқы қадамдарын баяндайды. Басты рөлді өзім ойнаймын деген қатаң шарт қойып, «Роккидің» сценарийін сатудан бас тартқан ол отбасын тақырға отырғызса да, өз арманынан айнымайды. Фильм 1976 жылы кассалық рекорд жаңартқан әрі үш бірдей Оскар алған атышулы картинаның дүниеге келу тарихын көрсетеді.
