Lifestyle|Entertainment

Пол Томас Андерсонның «Битва за битвой» фильмі алты «Оскар» иеленді

АвторыTatler Kazakhstan
16.03.2026
Пол Томас Андерсон марапатпен | Кевин Уинтер/Getty Images
IMAGE Пол Томас Андерсон марапатпен | Кевин Уинтер/Getty Images
Бүгін Лос-Анджелестегі «Dolbi» театры 98-ші мәрте ұйымдастырылған «Оскар» марапаттау рәсімін қабылдады

Салтанатты кеште Пол Томас Андерсонның алты бірдей мүсіншені жеңіп алған «Битва за битвой» туындысы нағыз триумфаторға айналды. ABC телеарнасы мен Hulu стриминг платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілген шараның басты жүлдесі – «Үздік фильм» атағы да осы картинаға бұйырды.

Бұдан бөлек, «Үздік режиссер» және өз сценарийі үшін «Үздік бейімделген сценарий» номинацияларында жеңіске жеткен Пол Томас Андерсон: «Бұл фильмді өз балаларым үшін түсірдім. Жаңа ұрпақтың парасаты мен ары таза болады деп үміттенемін», – деп ағынан жарылды.

Салтанатты кешке келе алмаған Шон Пенн «Битва за битвой» фильміндегі шеберлігі үшін үшінші мәрте «Оскар» иегері атанды. Жеңімпаз есімін Киран Калкин жариялаған бұл сәт кештің ең есте қаларлық оқиғаларының бірі болды.

Киноакадемия тарапынан соңғы 25 жылда алғаш рет енгізілген «Үздік кастинг» номинациясында Кассандра Кулукундис үздік деп танылды. Режиссердің «Hard Eight» туындысынан бастап барлық дерлік жобаларында бірге жұмыс істеген Кассандра бұл тарихи марапатқа лайық деп саналды. Сондай-ақ, режиссермен ұзақ жылдар бойы музыкалық клиптер мен «Лакричная пицца» фильмінде серіктес болған Эндрю Юргенсен де «Үздік монтаж» жүлдесін қанжығасына байлады.