Pinta Premium мейрамханасында өтетін иммерсивті қойылымдар туралы баяндаймыз
Pinta Premium мейрамханасында хандық дәуір, көшпенділердің байырғы салт-дәстүрі мен қазақ даласының киелі рәміздерінен шабыт алған иммерсивті қойылымдар топтамасы өтіп жатыр. Заманауи үлгідегі көз тартарлық ұлттық мюзиклді күн сайын кешке, яғни мейрамхана қонақтары дәмді тағамнан ауыз тиіп отырған сәтте қойылады. Айта кету керек, мұндай «гастрономиялық шоу» форматы Алматы қаласында алғаш рет ұсынылып отыр. Қойылым үстелдер мен даяшылардың арасында, қонақтардың дәл алдында өтіп, оқиғаның нақ ортасында жүргендей әсер сыйлайды. Бұл сіздің бес сезіміңізді бірдей баурап, шынайы ұмытылмас тәжірибе сыйлайтыны анық.


Авторлық сеттер, Еуропа мен Азия елдерінің тағамдары, эксклюзивті тіскебасарлар мен сусындар жинақталған мейрамхана мәзірі де өз алуандығымен таңғалдырады. Сондықтан енді Pinta Premium-ге келу кәдімгі тамақтанудан әлдеқайда ауқымды оқиғаға айналмақ. Мейрамхананың қаладағы басты жаяу жүргіншілер көшесінде орналасуы бұл жерді туристер мен алматылықтар үшін тартымды ете түседі. Қазақ мұрасының тарихына терең бойлап, дәмді кешкі астан кейін қонақтар Панфилов көшесімен серуендеп, түнгі қала шамдарының аясында суретке түсе алады.
