Lifestyle|Entertainment

Паттинсон ойнаған «Прайм-таймнан» бастап манганың экрандалуына дейін: Венециядағы ең басты 7 премьера

АвторыВиолетта Тельманова
03.09.2026
Паттинсон ойнаған «Прайм-таймнан» бастап манганың экрандалуына дейін: Венециядағы ең басты 7 премьера
Скрин жасап, тізімге қосамыз да, попкорн дайындаймыз

Алдағы он күнде, тіпті одан да ұзақ уақыт бойы кино қауымдастығы тек 83-ші Венеция кинофестивалін талқылайтыны анық. Кеше алғашқы көрсетілімдер басталды, алда әлі ондаған премьера күтіп тұр. Өз фильмдерін танымал режиссерлер де, дебютанттар да ұсынады. Біз назар аударуға тұрарлық жеті картинаны іріктеп алдық. Оларды must-watch тізіміңізге қосып қоюға әбден болады.

1. «Чернила», реж. Дэнни Бойл

Фестивальдің ашылуында көрсетілетін басты фильм шынайы оқиғаларға негізделген. Картинаға Джеймс Грэмнің пьесасы арқау болды. Басты кейіпкер медиамагнат Руперт Мердок 1969 жылы британдық The Sun газетін сатып алады. Ол редактор Ларри Лэмбпен бірге басылымды елдегі ең ықпалды таблоидқа айналдырады. Рөлдерде: Гай Пирс, Джек О’Коннелл, Клэр Фой және Брин Глисон.

Қайда және қашан көруге болады (егер сіз Венецияда болмасаңыз): премьера Netflix платформасында 2027 жылдың 8 қаңтарында өтеді.

2. «Дикая лошадь», реж. Мартин Макдонах

Басты рөлдерде Сэм Рокуэлл мен Джон Малкович ойнайтын драмалық триллер. «Банши Инишерина» және «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» фильмдері Макдонахты ең көп талқыланатын режиссерлердің біріне айналдырды. Сондықтан жаңа туындыға деген қызығушылық өте жоғары. Оқиға 1973 жылы Чилидегі төңкеріске бірнеше ай қалғанда Пасха аралында демалуды ұйғарған ЦРУ агенттерінің тобы туралы баяндайды.

Қайда және қашан көруге болады: 6 қарашадан бастап кинотеатрларда.

3. «Возможная любовь», реж. Ли Чхан-дон

2018 жылы Канн фестивалінде жылы қабылданған «Пылающий» фильмінің режиссері Венецияға жаңа жұмысымен келе жатыр. Фильмде оңтүстіккореялық киноның төрт жұлдызы ойнайды: Чон До-ён, Соль Гён-гу, Чо Ин-сон және Чо Ё-джон. Сюжеттің ортасында екі жұп бар. Олардың бірі екіншісі туралы деректі фильм түсіре бастағанда, қарым-қатынастары шырматыла түседі. Кесьлёвскийдің «Декалог» топтамасынан шабыт алған лента Оңтүстік Корея атынан «Оскар» сыйлығына үміткер ретінде таңдалып үлгерді.

Қайда және қашан көруге болады: 6 қарашада Netflix платформасында премьера өтеді.

«Возможная любовь» фильмінен кадр, 2026 | IMDb
IMAGE «Возможная любовь» фильмінен кадр, 2026 | IMDb

4. «Прайм-тайм», реж. Ланс Оппенгейм

Деректі фильмдерімен танымал Ланс Оппенгейм Венецияда көркем фильммен дебют жасайды. Басты рөлдегі тележүргізуші Крис Хансенді Роберт Паттинсон сомдайды. Иә, тағы да сол! Биыл актер нағыз «праймда» жүр: «Вот это драма!», «Одиссея», үшінші «Дюна» және «Прайм-тайм». Бұл картина ауқымды болмаса да, үлкен үміт күттіреді. Ол Хансеннің кәмелетке толмағандармен байланыс орнатпақ болған ер адамдарды әшкерелейтін «Поймать хищника» бағдарламасын құрудың шынайы тарихына негізделген. Бірақ жоғары рейтинг қуған ол бұрыс жолға түсіп кетеді.

Қайда және қашан көруге болады: 25 қыркүйектен бастап кинотеатрларда.

5. «Маск», реж. Алекс Гибни

Ыңғайлырақ жайғасыңыз, бұл ұзаққа созылады! Фильмнің ұзақтығы төрт сағатқа жуықтайды. «Такси на темную сторону» фильмі үшін «Оскар» алған Алекс Гибни Венецияда Илон Маск туралы деректі лента ұсынады. Көрермен оның Оңтүстік Африкадағы балалық шағынан бастап әлемдегі тұңғыш триллионерге айналуына дейінгі жолын көре алады. Картинада оның PayPal, Twitter, SpaceX және Tesla компанияларындағы жұмысы айтылады. Сондай-ақ Дональд Трамптың президенттік науқанына қатысуы мен DOGE-дегі қызметі де қамтылған. Масктың өзі бұл фильмді сынап, X желісінде оны «тапсырыспен жасалған материал» деп атады.

Қайда және қашан көруге болады: халықаралық прокат күндері әлі жарияланған жоқ.

Илон Маск | Chesnot / Getty Images
IMAGE Илон Маск | Chesnot / Getty Images

6. «Бункер», реж. Флориан Зеллер

«Отец» және «Сын» фильмдерінің режиссері Флориан Зеллер Венецияда Пенелопа Крус пен Хавьер Бардем ойнайтын «Бункер» триллерін ұсынады. Олар ерлі-зайыптылардың рөлін сомдайды. Сәулетші Антонио техно-миллиардерге арнап автономды бункердің жобасын жасауды қолға алады. Бұл оның әйелі Софиямен арадағы үлкен келіспеушілікке әкеп соғады.

Қайда және қашан көруге болады: 2026 жылдың күзі, халықаралық прокаттың нақты күндері әлі белгісіз.

«Бункер» фильмінен кадр, 2026 | IMDb
IMAGE «Бункер» фильмінен кадр, 2026 | IMDb

7. «Оглянись», реж. Хирокадзу Корээда

«Магазинные воришки» фильмі үшін «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алған Хирокадзу Корээда негізгі байқауда Тацуки Фудзимотоның «Оглянись» мангасының экранизациясын ұсынады. Сюжеттің ортасында жапон комикстеріне деген махаббаты біріктірген екі оқушы қыз бар. Олар 13 жыл бойы кәсіби суретші болу арманына бірге ұмтылады.

Қайда және қашан көруге болады: халықаралық прокат 2026 жылдың соңына дейін күтіледі.