Lifestyle|Entertainment

Өз алдына бірегей: Леброн Джеймс эксклюзивті Mercedes-Maybach автокөлігін жасап шығарды

АвторыTatler Kazakhstan
17.08.2026
Mercedes-Maybach
IMAGE Mercedes-Maybach
Атақты баскетболшы мен люкс бренд бірлесіп екі эксклюзивті седан құрастырды. Олардың бірі қайырымдылық мақсатында аукционға қойылады

Калифорниядағы Пеббл-Бичте өткен автомобиль фестивалінде НБА супержұлдызы Леброн Джеймспен бірлесе жасалған екі бірегей Mercedes-Maybach S 680 көлігінің тұсаукесері өтті. Бұл автомобильдер неміс брендінің жоғары деңгейдегі кастомизациясын ұсынатын MANUFAKTUR Made to Measure жеке баптау бағдарламасы аясында арнайы құрастырылған.

Mercedes-Maybach
IMAGE Mercedes-Maybach

Сән-салтанаты келіскен қос седанның бірі Леброн Джеймстің жеке топтамасын толықтырса, оның сыңары осы жылдың соңына таман қайырымдылық аукционына қойылады. Екінші көлікті сатудан түскен барлық қаражат баскетболшының туған қаласы – Огайо штатындағы Акрон тұрғындары мен студенттеріне көмектесетін I PROMISE білім беру бағдарламаларын қолдау үшін Леброн Джеймс отбасының қорына аударылады.

Mercedes-Maybach
IMAGE Mercedes-Maybach
Mercedes-Maybach
IMAGE Mercedes-Maybach

Көліктің дизайны өте талғампаз түстерімен ерекшеленеді. Шанағы ашық ivory (піл сүйегі) реңкіне боялған, ал интерьеріне «дауылды ауа райын» елестететін көк Nappa былғарысы таңдалған. Былғарыны тігу кезінде оған әдемі контраст беретін фарфор түстес жіптер қолданылған. Модельдің тағы бір ерекшелігі – бренд тарихында алғаш рет дәстүрлі V12 белгісі алынып тасталды. Оның орнына Леброн Джеймстің фирмалық таңбасы саналатын тәж бейнеленген арнайы эмблема қойылды.

Автомобильдің іші спортшыға арнап жасалған ерекше бөлшектерге толы. Мәселен, салон ішіндегі жастықшалар, төсеніштер мен орындықтардың бас тірегіші баскетболшының фирмалық белгісімен безендірілген. Одан бөлек, салонды әрлеу кезінде спортшының туған жеріне деген құрметі де ескерілген: ішкі дизайнда Акрон қаласының географиялық координаттары қашалған арнайы шағын металл тақтайша мен гравюра бар.