Lifestyle|Entertainment

«Оскар» иегері әрі «Крестный отец» сагасының жұлдызы Роберт Дюваль дүниеден озды

АвторыTatler Kazakhstan
17.02.2026
«Крестный отец» фильмінен көрініс | IMDb
IMAGE «Крестный отец» фильмінен көрініс | IMDb
Актер 95 жаста болатын

96-ға қараған жасында Голливудтың аңызға айналған актері Роберт Дюваль дүниеден озды деп хабарлайды Variety басылымы. «Крестный отец» және «Апокалипсис сегодня» фильмдеріндегі рөлдері арқылы миллиондаған көрерменнің ықыласына бөленген «Оскар» сыйлығының иегері 15 ақпан күні Вирджиниядағы өз үйінде жақындарының қоршауында тыныс тоқтатқан. Ажал туралы қаралы хабарды оның жары Лучиана Дюваль жеткізді.

Өз мансабында актер жеті мәрте «Оскар» сыйлығына ұсынылып, тек 1984 жылы ғана «Нежное милосердие» драмасындағы үздік ер адам рөлі үшін аңсаған мүсіншесін иеленді.

Оның шығармашылық жолындағы ең елеулі жұмыстарының бірі «Убить пересмешника» (1962) романының классикалық экрандалуындағы Бу Рэдли рөлі болып табылады. Кейінірек тағдыр оны Фрэнсис Форд Копполамен жолықтырып, бұл ынтымақтастық әлемге екі бірдей культтік бейнені сыйлады: олар – мафиялық сагадағы байсалды да адал консильери Том Хаген («Крестный отец») және «Апокалипсис сегодня» фильміндегі эксцентрикалық подполковник Килгор. Дәл осы кейіпкердің аузынан шыққан «Таңертеңгісін бұрқырап тұрған напалм иісін жақсы көремін» деген сөз тіркесі уақыт өте келе ел аузынан түспейтін қанатты сөзге айналып кеткен еді.

Копполамен жасаған жұмыстарынан бөлек, Дюваль «Великий Сантини» әскери драмасында, «Телесеть» сатирасында, «С меня хватит» өткір сюжетті фильмінде және «Одинокий голубь» вестернінде жарқырап көріне білді. Сонымен қатар ол өзін режиссура саласында да сынап көріп, оның «Апостол» (1997) фильмі сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Актер өмірінің соңғы жылдарына дейін сұранысқа ие болып қала берді: оның мансабындағы соңғы жұмыстарының бірі 2022 жылы жарыққа шыққан «Всевидящее око» фильмі еді.